« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Еліміздегі іргелі оқу орындардың бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Ол Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық және Астана қаласындағы ауылшаруашылығы бағытында кәсіби маман дайындайтын алдыңғы қатарлы білім ордасы. Бастауын 1957 жылдан алатын Ақмола ауыл шаруашылығы институты ауыл балаларынан жоғары дәрежелі мамандар даярлау мақсатында ашылған. Қазіргі таңда бұл білім ұясы зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар, республиканың ғылыми-оқу орталығы болып қалыптасты.
Институттан ғылыми университетке айналып, заман талабына сай бейімделген оқу орны елдің түрлі саладағы агроөндірістік кешені үшін 60 мыңнан астам маман даярлады. Олар ел экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Сондай-ақ, 30 елдің жоғары оқу орны С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің серіктестері болып отыр.
Университеттің бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастағанын шетелдермен орнатылған байланыс деңгейінен де байқауға болады. Бір ғана мысал ретінде, аграрлық саладағы әлемдік жетекші зерттеу университетінің бірі – Калифорния университетімен ынтымақтаса жұмыс жасайтынын атап өтуге болады. Бүгінде екіжақты байланыс орнатылып, тиісті мамандар даярлануда, жаңа білім беру бағдарламалары жасалуда. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Ұлы Хартия университеттерінің толық құқылы мүшесі. Бұл – өз кезегінде оны біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыруда негіз бола алады деген сөз. Қазіргі уақытта АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Белоруссия, Алмания, Малайзия, Италия, Израиль, Моңғолия сынды 20-дан астам елдің жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз серіктестік орнаған. Бұл мемлекеттерде университеттің 500-ден астам оқытушылары мен студенттері ғылыми тағылымдамадан өтіп, білімдерін жетілдіруде.
Біздің университетімізде теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар алған білімді тәжірибелік тұрғыдан да жүзеге асыруды үйрететін жоғары білікті оқытушылар жұмыс жасайды. Оқытушылар тәжірибе алмасып, білікті маман даярлау мақсатында шет елдегі әлемдік жетекші оқу орындарына жиі барады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, бай кітап қоры бар кітапхана, интернет кластар, спорттық кешен, студенттік емхана және дәріхана. Студенттердің шығармашылық үйірмелерге қатысуға толық мүмкіндіктері бар. Олар: «Ақ желкен» студенттік театры, «Қызғалдақ» және «Шаттық» би, вокалдық ән және «Шабыт» аспаптық ансамбльдері мен әскери кафедра.
Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында озық технологиялар басшылыққа алынған. Университеттің тиімді қызмет етуін үздіксіз дамыту арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату да назардан тыс қалмайды. Атқарылған жұмыстардан өрлеу динамикасын байқауға болады. Алда үлкен міндеттер тұр. Білімді ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа бағдар берудің өзі – тағылым. Сол қастерлі мақсаттың биігінен көрінуге ұмтылып, арман қуған жастарды білім нәрімен сусындатып, киелі оқу ордасының беделін арттыруға қызмет ету – басты мақсат.
Б.РҮСТЕМБАЕВ,
«Маркетинг және сервис» кафедрасының меңгерушісі,
э.ғ.д., профессор,
Н.ҚАСҚАТАЕВ,
э.ғ.к., доцент,
Ж.МҰХТАРОВА, ассистент.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |