ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

Ұстаздық ету – мамандықтың төресі. Болашақтың егесі, қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастарға ілім үйретуде осы ұстаз атаулының орны ерекше. Колледжімізде өз ісінің маманы, қаншама жастың бағын ашып, болашағына жол салған ұстаздар, оқытушылар қатары жетерлік. Соның бірі – Әлия Әлиакбарқызы. Жоғары санатты, біліктілігі жоғары апайымыз бүгінде колледждің кәсіптік тәжірибе, оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері.

Дарынды жастың өресін танып, талантын ашуда қа­тесіз жол таңдап, дұрыс бағыт көрсету де оңай жұмыс емес екенін ұғынатын Әлия апай, өзімен қатарлас жүрген әріп­тестерін де үйретуден жалыққан емес.

А.Нұрпейісова еңбегінің арқа­сында облыс әкімінің Құрмет грамотасы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының ара­сында «Оқы­тудың үш өл­шем­ді әдістемелік жүйесі» педа­го­гикалық тех­ноло­гия­сының ше­бері-2014» облыс­тық бай­қа­уының II орын жүлдегері атанған. 

Бұдан өзге де бірнеше білік­тілікті арттыру бағытында үздік саналып, басқа да жетістіктерге қол жеткізген маман. Осындай маман иесіне қашанда біздер және тәлім алушы жастар тарапынан құрмет көрсетіліп келеді.

Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Бердақ – Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген.  

Мәселен, Ескендір Зұлқар­найын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қа­рыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бә­рін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құр­мет – адамзатқа міндет. «Адам­ның адамшылығы – жақсы ұс­таздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының бо­ла­шақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойы­май күресіп, болашақ жолында бағытынан таймасы анық.

Олай болса, біз де Әлия Әлиакбарқызына зор құрмет көрсете отырып, еңбегіне табыс тілейміз.

Н.БАСҚОЖАЕВА.

 

Білім 21 наурыз 2019 г. 1 415 0