« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Осыдан 3-4 жыл бұрын Оксфорд университетінің құрметті профессоры, құқық саласындағы әлемге әйгілі ІТ кеңесші Ричард Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» атты кітабы жарық көрді. Тың туындының электронды нұсқасын парақтап, «Болашақта мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұр, жаңа мамандықтар пайда болуы мүмкін» дегенді оқығанда көңілде күдік ұялағаны рас. Дегенмен, нарықтық қатынастың қай салаға да өзгеріс енгізетіні күннен күнге біліне бастағандай.
Ричард Сасскинд бұл еңбегінде, біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін деген пікір білдірген. Екіншіден, технология кез келген саладағы проблеманы шешудің тиімді тәсіліне айналатындықтан, қызметкердің жұмысынан айырылу қаупі барын көрсеткен. Бұған қоса профессор біздің ойымызға кіріп те шықпаған робоэтика бойынша адвокат, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жекеменшікті бағалау, медициналық робототехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтардың қарқын алатынын алға тартқан. Әрине, әзірге бұл мамандықтардың елімізде қашан пайда болатынын дөп басу қиын. Алайда, біз ол күнге жақындап келе жатырмыз. Елбасы Н.Назарбаев та «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында келешекте мамандыққа көзқарас жаңаша сипат алатынын атап өтті. Бұл да біздің қоғамда нарық қажет ететін, сұранысқа сай, бұрын болмаған өзгеше мамандықтардың пайда болатынын аңғартты. Оның үстіне жер-жерде «Жаңа мамандықтар атласының» қолға алынуы бұл болжамды нақтылап отыр.
Жуырда өңірде өткен IV халықаралық интернет форумда осы мәселе егжей-тегжейлі талқыланған болатын. Мұнда бірқатар сарапшылар тәжірибелерін ортаға салып, маңызды мағлұматтарымен бөлісті. Соның ішінде біз BTSDigital компаниясы оқыту орталығының жетекшісі Саясат Нұрбектің тақырыпқа қатысты тұшымды ойын түртіп алған едік. Оның айтуынша, қазір танымал мамандықтарды қарастырар болсақ, нақты қай индустрия туралы сөз қозғайтынымызды алдын ала анықтап алған жөн. Себебі еңбек нарығы көпсалалы. Әр салада әртүрлі кәсіп танымал. Мәселен, банк секторында тәуекел-менеджері сұранысқа ие болса, фармацевтикада сату мамандары мен GR-менеджерлер қажет. ІТ-саласында көбіне құрастырушылар мен sales-менеджерлерді іздейді. Әрі көп жерде адам күшін технология алмастырғанын ескеру керек.
– Жасанды интеллект санадан озып, робототехника жаңа қарқынмен дамып келеді. Сондықтан креативті ойлайтын және серпінді инновацияны жасауға қабілетті жаңа мамандарды әзірлеуге ден қойған дұрыс. Ол үшін алда пайда болатын немесе тұрақты сұранысқа ие болып қала беретін мамандықтарды айқындауға ықпал ететін құралға, яғни атласқа сүйену қажет. Себебі, кейбір мамандықтар еңбек нарығынан мүлде жоғалып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Неге десеңіз, Қазақстанның стратегиялық құжаттарында көрсетілгендей, технологиялық модернизация, индустриялық революция кешенді өзгерістерді алып келді. Біз білім саласында осы дүниені ең бірінші мәселе ретінде көріп, жаңа мамандықтарды анықтау жұмысын қолға алдық. Ірі жұмыс берушілер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе әдістеме үйлестірсек, кәсіби бағдарлаудың нық тұғырнамасын түзуге болатынына сенімдіміз. Ол 9 саланы қамтиды. Барлық мамандықты 3 топқа бөлеміз. Оларға ескірген мамандықтар, түрленіп жатқан және жаңа мамандықтар кіреді, – деді сарапшы.
Саясат Нұрбек болашақта жұмыс беруші қызметке үміткердің бойынан тәжірибе мен кәсібиліктен бөлек, әмбебаптылықты іздейтінін де жасырмады. Өйткені, процестердің оңтайландырылуына байланысты қызметкерлердің міндеті артты. Егер бұрын компанияда жекелеген бөлімдер көп болса, қазір бүтін бір бөлімнің орнына бір ғана әмбебап маман жұмыс істейді. Ол тікелей қызметімен қатар әкімшілік, азаматтық және еңбек құқықтарына қатысты сұрақтарға жауап береді. Бұл әрбір кәсіптің уақыт өте қарқынды трансформациядан өтетінін айғақтайды. Икемділік пен бейімділік керек. Көп ұзамай бірнеше маманның орнын өзін әр бағытта дамытқан бір әмбебап маман ғана алмастыруы бек мүмкін. Сондықтан, бізге осындай құнды кеңестерге құлақ түре жүрген жөн.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |