Талапкер ҰБТ-дан қандай жағдайда бір жылға шеттетілуі мүмкін?

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов талапкер қандай жағдайда ҰБТ-дан бір жылға шеттетілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰБТ жылына төрт рет - қаңтар, наурыз, тамыз және маусым айларында өтеді. Үш ҰБТ қорытындысы бойынша, маусым айынан басқасы, талапкер коммерциялық бөлімге түсе алады. Маусымда мемлекеттік гранттар бөлінеді. Мысалы, қаңтардағы тестілеу кезінде бір оқушының орнына басқа адам кіргені анықталса, талапкер бір жыл бойы емтихан тапсыра алмайды, кейін тестті қайта тапсырғанда ғана коммерциялық оқуға түсуге мүмкіндік бар", - деді брифингте Смағұлов.

Ол сондай-ақ, мұндай жаза емтиханға бірнеше рет смартфон кіргізгенде болатынын атап өтті.

"Мысалы, біз оны қаңтарда, кейін наурызда тағы смартфонмен ұстап алдық делік. Онда оқушы бір жыл бойы тест тапсыра алмайды. Олар грантқа үміткер бола алмайды және емтиханға кірмейді", - деп түсіндірді ол.

Смағұловтың айтуынша, бұл жаңа ереже қабылданды және жақын арада "Ашық НҚА" сайтында жарияланады.

Білім 08 ақпан 2020 г. 1 136 0