« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Әркімнің өз өмірінде үлгі тұтып, тағылым алар адамы болады. Әсіресе, мұғалімдер қауымы бір-бірінің қол жеткізген жетістігіне, іс-тәжірибесіне, алған марапаттарына шын көңілден қуанып жатады. Қуана жүріп, өзі де сол деңгейге жету үшін ізденеді, білмегенін білуге тырысады, ілгері ұмтылады. Біздің №101 мектеп-лицейінде де өзінің тынымсыз ізденісімен көпшілік көңілінен шығып жүрген ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – физика пәнінің оқытушысы Ләззат Сапиуллақызы.
Ол оқушыларға білім берумен ғана шектелмейді. Өзінің іс-тәжірибесі, балаларды физика әлеміне қызықтыра тартудың жолдары жайлы республикалық басылымдарға түрлі тақырыпта мақалалар жазып, ізін басқан әріптестеріне ақыл-кеңесін беріп келеді. Аймақтағы білім саласының қоғамдық өміріне де белсене араласады. Мысалы, 2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің апелляциялық комиссиясының құрамында болып, мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-да әділдікке жетуіне атсалысты. Сол жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Жер және ғарыш туралы ғылымдар» секциясы бойынша және 2018 жылы президенттік олимпиада сайысының облыстық кезеңінде қазылар алқасының мүшесі болды. Ол қандай жағдайда болсын сайысқа қатысқан әрбір шәкірттің біліміне әділ баға беруге тырысты.
Биылғы оқу жылында облыстық ғылыми жоба байқауынан ІІІ орын алған 11-сынып оқушысы Нұрсаид Әкімнің дайындаған жұмысы арнайы іріктеуден өтіп, Оңтүстік Кореяда болатын «Жас ғалым» Халықаралық жобалар байқауына жолдама алып отыр. №101 мектеп-лицейінде ұстаздық еткен жеті жылы ішінде Ләззат Сапиуллақызы халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар жеңімпаздарын дайындап шығарды. Шәкірттері Ресей мен Қытай мемлекеттеріндегі және еліміздегі іргелі оқу орындарында білім алуда.
– Оқушы бойындағы қайнар бұлақтың көзін аша білсең, ұтасың, – дейді Ләззат апай. – Ғылымға құлаш ұрады, білмегенін білуге ұмтылады, ғылымның тереңіне бойлайды. Сол еңбегімен елге қызмет етеді. Шәкіртіңнің есімі көпке танылып жатса сонда ғана сенің еңбегіңнің жанғаны.
Алдыңда өнеге тұтып, үлгі алар осындай жандар болғаны қандай ғанибет. Сондай тұлғаларға қарап бой түзеп, ой түйгенге не жетсін!
Балхия
САҒИДУЛЛАҚЫЗЫ,
№101 мектеп-лицейі
физика пәнінің
оқытушысы.
Қызылорда қаласы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |