Қызылорда облыстық кәсіпкер палатасының делегациясы Жаңақорған, Шиелі, Қазалы аудандарында болып, кәсіпкерлер палатасының аудандық кеңесін сайлауға байланысты кеңейтілген мәжілістерін өткізді.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
959
0
Алтын күз есік қаққалы тұр. Берекелі күздің егіс даласын дүбірге бөлеп, қырманды қызылға толтырар уақытын асыға күткен сырдариялық егінші-механизаторлар Сыр маржанын жинауға құлшына кірісіп те кетті. Сәрсенбінің сәтті күнінде аудандағы А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарындағы егіс танаптарына алғашқы орақ түсті.
АҚПАРАТ
06 қыркүйек 2014 г.
1 494
0
«ПетроҚазақстан» компаниясының стипендиялық бағдарламасы негізінде үстіміздегі жылы оқу бітіріп шыққан мұнай кәсіпшілігі саласындағы жас мамандарды жергілікті жұртшылық ерекше қуанышпен қарсы алды. Облыс әкімдігінің қолдауымен қолға алынған бағдарлама биыл осылайша мерейтойлық саналып отыр. Осыған байланысты «Номад Палас» қонақүйінің мейрамханасында салтанатты іс-шара болып өтті. Онда «ПҚҚР» АҚ-ның басшылығы түлектерді құттықтады және үстіміздегі жылдың жаңадан оқуға түскен атаулы стипендия иегерлеріне тілектер айтылды.
АҚПАРАТ
03 қыркүйек 2014 г.
750
0
Сіздерді 10-14 қыркүйек аралығында өтетін Сыр елінің тумасы, қазақ өнерінің асыл анасы Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне шақырамыз!
АҚПАРАТ
03 қыркүйек 2014 г.
992
0
Қазалыдағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі №266 мектеп-лицейде өткізілді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Қалнияз өзінің хабарламасында өткен оқу жылындағы жетістіктермен қатар кемшін тұстарды да ашып көрсетті. Аудан бойынша 40 мектеп жұмыс істейді. Республикалық олимпиадаларда жеңімпаз атанып, грант иеленген шәкірттер баршылық. №266, 249 мектеп-лицейдің шәкірттері Мәскеудегі ұлттық технологиялық зерттеу университетіне сынаққа қатысып, грантпен оқуға түсті.
АҚПАРАТ
03 қыркүйек 2014 г.
881
0
Жуырда "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында "Бүгінгінің шешімі – болашақтың есігі” тақырыбында партиялық жобаларды жүзеге асырудың аймақтық жиыны болып өтті. Оған қалалық, аудандық партия филиалдарының жетекшілері мен бастауыш партия ұйымдары мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ
03 қыркүйек 2014 г.
788
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты және қала әкімдігінде өткен мәжіліске қатысты.
АҚПАРАТ
03 қыркүйек 2014 г.
904
0
Білім күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы №136 Темірбек Жүргенов атындағы мектеп-лицейінде болып, мерекеге арналған алғашқы қоңырау салтанатына қатысты.
АҚПАРАТ
03 қыркүйек 2014 г.
1 736
0
Үстіміздегі жылдың 16-28 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өткізілген жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиадада дзюдодан алтыннан алқа таққан жерлесіміз Бауыржан Жауынтаев туған жер топырағына қадам басты. Екінші мәрте өткен айтулы аламанның алғашқы күнінде елімізге алтын сыйлап, өрелі биікке беттеген өренді жерлестері ерекше қуанышпен қарсы алды.
АҚПАРАТ
03 қыркүйек 2014 г.
767
0
Жалағашта кәсіпкерлікті қолдаушы қаржы институттары мен екінші деңгейлі банк өкілдері бас қосты. Олар аудандағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламаларды насихаттау және несие алу бағытындағы жеңілдіктерді түсіндірумәселелерін сөз етті.
АҚПАРАТ
30 тамыз 2014 г.
886
0