Жас мамандар жолдама алды

«ПетроҚазақстан» компаниясының стипендиялық бағдарламасы негізінде үстіміздегі жылы оқу бітіріп шыққан мұнай кәсіпшілігі саласындағы жас мамандарды жергілікті жұртшылық ерекше қуанышпен қарсы алды. Облыс әкімдігінің қолдауымен қолға алынған бағдарлама биыл осылайша мерейтойлық саналып отыр. Осыған байланысты «Номад Палас» қонақүйінің мейрамханасында салтанатты іс-шара болып өтті. Онда «ПҚҚР» АҚ-ның басшылығы түлектерді құттықтады және үстіміздегі жылдың жаңадан оқуға түскен атаулы стипендия иегерлеріне тілектер айтылды.

Өзінің алғашқы бастауын 2005 жылдан алатын Қызылорда облысы бойынша «ПетроҚазақстанның» стипендиялық бағдарламасы сапалы білім алуға жол ашып келеді.

Іс-шараның салтанатты рәсімінде стипендиялық бағдарлама жеңімпаздары мен оқу бітірушілерді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығы қошеметтеді.

– Бүгін біздердің бәріміз үшін де елеулі күн. Біз оныншы рет бітіріп шығушы жас мамандарды қарсы алып, кезекті он бірінші науқанның стипендия иегерлерін оқуға аттандырып жатырмыз, – деп атап өтті «ПҚҚР» АҚ Басқарма төрағасы Цинь Хунвэй. 2005 жылдан бері қарайғы уақытта шетелде 100-ден астам жас қызылордалық білім алды және қазір де оқып жатыр. Осылардың ішінен 43 түлек біздің компаниямыздың құрылымдарында жұмыс істеуде.

Жыл өткен сайын дипломмен оралған оқу бітірушілердің шеберлігі артып, жұмыс тәжірибесі де молайып келеді. Таяу уақытта олардың «ПҚҚР» АҚ-ның жұмысшы және басшы қызметкерлер құрамының қатарына жоғары білікті мамандар болыпқосылуларына еш күмән жоқ. Осы орайда қызылордалық жастарға тән талант қасиеті жайлы да аталып өтілді. Ең мақтаулы пікірлер университет пен компания мамандарының тарапынан біздің жас жерлестеріміздің атына жолданып жатты.

Қызылордалық жастардың ата-анала­рының атынан 2014 жылғы стипендия ие­гері Мансұр Жұмабековтің әкесі – Жұмақожа Жансейітов ортаға шығып сөйледі. Үстіміздегі жылғы стипендия иегері Асылзат Төлепбергенова жүрекжарды ле­бізін білдірді.

АҚПАРАТ 03 қыркүйек 2014 г. 756 0