« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Өткен оқу жылында ҰБТ қорытындысында қазалылықтар жоғары деңгейді бағындырды. 2013 жылмен салыстырғанда «Алтын белгі», «Үздік атестат» иегері біршама артық шықты. Десе де №98, 204, 100, 234 мектептер 2013 жылғы төменгі көрсеткішті тағы да қайталап, соңғы 10 мектептің қатарында болып отыр. Бір қызығы, ауданда ең жоғары 121 балды бағындырған да, ең төменгі 32 балл жинаған да №249 мектеп-лицейдің оқушылары екен. 2013-2014 оқу жылында 179 оқушы грант иегері атанғанмен, №96, 238, 134 мектептерден бірде-бір оқушы грант иеленбеген.
«Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына жергілікті қазынадан қаралған қаржыға ағымдағы жөндеу жүргізілген. Кәсіпкерлердің демеушілігімен күрделі жөндеуден өткен лагерьдің бассейні толық жұмыс істеп тұр. «Қазақстан теміржолы» АҚ Қазалы ауданы филиалы кәсіподағының жанашырлығымен 320 бала облыстан тыс жерлерге тынығуға жіберілді.
Тамыз кеңесінде №190 орта мектептің директоры Ділдәбек Айтманбет, Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Алмат Әбілхан, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев хабарлама жасады.
Мемлекет тарапынан білім саласына жан-жақты қолдау жасалып келеді. Тек соңғы жылдардың өзінде ауданда бірқатар білім нысандары пайдалануға берілді. Білім ордалары, балабақша күрделі, ағымдағы жөндеуден өткізілді. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі де оң шешілуде. Биылдың өзінде осындай жағдайдағы 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың бірі, сонымен қатар жаңа балабақша да жуырда пайдалануға берілмекші. Жыл аяғына дейін Сарыбұлақ, Аранды ауылдарындағы мектеп, аудан көлемінен қос бірдей балабақшаны іске қосу жоспарлануда.
– Инвестиция көлемі қанша есеге артса білім сапасын да сол деңгейге жеткізуге тиістіміз, – деді кеңесте сөз алған аудан әкімі Бақыт Жақанов. – Былтырғы сыннан қорытынды шығарып, биыл облыс бойынша екінші орынды иелендік. Бірақ ауыл мектептеріндегі компьютер сыныптары, интернет желісі толыққанды пайдаланылмайды. Олар білім ошақтарына тек бар деген есеп үшін емес, жас ұрпақтың заманауи технологияларды меңгеруіне берілгенін ұмытпаған абзал. Мектептің жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, материалдық-техникалық базасы мемлекет қазынасынан нығайтылады. Алайда, түрлі себептермен ата-аналардан ақша жинау фактілері әлі де естіліп жүр. Мектеп басшысы мен ұстаздар арасында еңбек дауы, білім ордасы басшыларының төбелесуі секілді келеңсіз жайттар да бой көрсетті. Балаларға білім берудің орнына мұғалімдер өзара тіресіп жүрсе, ол мектептен қандай сапалы білім талап етуге болады. Мемлекеттік саясатты жүзеге асырып отырғандардың бірі ауыл әкімі, екіншісі мектеп директоры екені белгілі. Сондықтан мектеп директорына деген талап жоғары болып қала береді. Ең бастысы, ел болашағы жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы, оған өзіміздің жауапты екеніміз әркез естетұруы шарт.
Кеңеске қатысушылар өзара пікір алысты.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |