« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Елбасы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы саналады. Осы мақсатта, «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы негізінде барлық облыстарда кәсіпкерлік палатасы құрылып, аудандарда филиалдары жасақталып, өз жұмысын бастаған болатын.
Аймақтардағы кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – кәсіпкерлер қауымдастығын біріктіру арқылы әкімдіктермен диалог алаңын құру және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау болып табылады.
Жуырда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Абсаттаров, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша кеңес төрағасы М.Әбенов және аудан әкімдерінің қатысуымен Шиелі және Жаңақорған аудандарының кәсіпкерлер кеңесі құрамы таныстырылды. Аудан активтері мен палата мүшелері бірауыздан Шиелі аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағалығына жергілікті іскер кәсіпкер "Махамбет П” ЖК төрайымы П.Маханбетті ұсынса, Жаңақорған аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы болып "Мейірім” ЖШС басшысы Қ.Қарақожаев сайланды.
Болашақта осы кеңес кәсіпкерлердің мүдделері мен көкейтесті сұрақтарын тиімді бірлесе шешуге, бизнес-қауымдастықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуге ықпал ететін болады.
Делегация мүшелері одан кейін Қазалы ауданында болды. Онда аудан активімен кездесіп, кәсіпкерлікке қатысты келелі жиын өткізді.
«Бүгінгі әлемдік дағдарыс жағдайында бар жұмыс орындарын сақтап қалу, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бағытындағы кәсіп түрлерін ашу, өнім өңдеуге және өндіруге басымдық берілуде. Бұған Қазалы ауданының әлеуеті мен мүмкіндігі жеткілікті», – дейді аудан әкімі Б.Жаханов.
Аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 3547 бірлікті құрап, онда жұмыспен қамтылған адамдар саны 8185-ке жетіп отыр. «Бұл облыс көрсеткішінің 10,8 пайызын құрайды. Ал нақты кезеңде өнеркәсіп саласында шығарылған өнім көлемі жылдан жылға артып келеді», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Әбсаттаров.
Мәжіліс барысында аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Аймаханов аудандық кеңес мүшелігіне үміткерлер тізімін ұсынды. Жиын талқылауынан кейін аудандық кәсіпкерлік кеңестің төрағасы болып М.Өтеев сайланды.
Нұрбек Дәуренбеков.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |