Сыр дидарының саңлағы

Сыр дидарының саңлағы

Бұл күндері белгілі журналист Қаршыға Есімсейітованы білмейтін жан кемде-кем. Өнер мен руханият әлемінің қос соқпағы – ақындық пен журналистика саласының тізгінін қатар ұстап, әдебиет айдынында еркін құлаш сермеп келе жатқан қаламгердің қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі ерен. «Алаштың анасы» атанған Сыр елінің Сырдария ауданы Қызылжарма ауылында қарапайым малшы отбасында дүниеге келген Қаршыға Құрмашқызының пешенесіне ер кісіге бергісіз істерді атқаруға жазған ба дерсіз...
ӘДЕБИЕТ 12 желтоксан 2019 г. 1 242 0
"Өзіңде аққан Сейхунның сыңғыр бұлағы,  Аралым арыс, Тұраным табыс тұмары"

"Өзіңде аққан Сейхунның сыңғыр бұлағы, Аралым арыс, Тұраным табыс тұмары"

«Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің  90 жылдығы аясында өткізілген «Атыңнан айналайын, атамекен» атты облыстық жыр  мүшәйрасында 1,2,3 бәйгені жеңіп алған ақындардың өлеңдерін оқырман назарына салуды жөн санадық.
ӘДЕБИЕТ 12 желтоксан 2019 г. 915 0
Сенім қайырымы

Сенім қайырымы

 Жұманның  жаңа қызмет орнындағы алғашқы жұмыс күні. Кабинетте Сержан екеуі. Олар бұрын  іргелес шаруа­шылықтарда бас агроном міндеттерін бір-бірімен етене араласып, тізерлес атқарған. Көбінесе кеңес беруші Сержан.
ӘДЕБИЕТ 07 желтоксан 2019 г. 901 0
Қуаныш

Қуаныш

  А.П.Чехов Түнгі сағат он екілер шамасы болатын. Осы кезде шаштары үрпиіп кеткен, аласұрып, аптыққан Митья Кулдаров кіріп келді. Бөлмелерді аралап шықты. Әке-шешесі бұл кезде ұйқыға кеткен еді. Әпкесі оқып жатқан романның соңғы беттерін парақтап отырған. Гимназияда оқитын тетелес інілері ұйқыда.
ӘДЕБИЕТ 26 қараша 2019 г. 1 454 0
Жазушы еңбегі жас ұрпақ жадында

Жазушы еңбегі жас ұрпақ жадында

Көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың, М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Дос­жан Сыр елінің саңлақ перзенттерінің бірі еді. 
ӘДЕБИЕТ 26 қараша 2019 г. 1 324 0
Арманым орындалған күн

Арманым орындалған күн

90-жылдардың орта тұсы еді...
ӘДЕБИЕТ 20 қараша 2019 г. 1 679 0
Менің атым – Қалдош

Менің атым – Қалдош

 Кейде өзімді Қожа секілді елестетемін. Кәдімгі «Менің атым – Қожадағы» 5-сыныпта оқитын, досы «қара Көже» деп атайтын Қожаберген ше... 
ӘДЕБИЕТ 12 қараша 2019 г. 1 233 0
Заман Төлеуов. Осымен, ертегі де тәмам (әңгіме)

Заман Төлеуов. Осымен, ертегі де тәмам (әңгіме)

 Соңғы кезде, қас қарая бастаса шошитын халге жеттім. Жұмыстан қалжырап, шаршап келесің. Кешкі асты ішкен соң, төсекке құлай кеткің келеді. Бірақ, мен бейбаққа ондай бақ бұйырмаған сыңайлы. Неге десеңіз, мені, екі көзі төрт болып, анадай жерде немерем тосып отырады. Себебі, оған жатар алдында ертегі айтып беруге тиіспін. Бір ертегіні - екінші рет қайталатқызбайды. Әр жолы жаңасын ғана айтуың керек. Осы күнге дейін есімде қалғанын, елден естігенім мен кітаптан оқығанымды тәмамдап, ақыры кітапханаға баруға мәжбүр болғам. Ежіктеп оны да бітірдік. Ара-тұра әжесіне сілтесем, оның әңгімесінен ат тонын ала қашады. Әжесінің ертегілері бір-бірін қайталап, ми палау болып кеткелі қашан. 
ӘДЕБИЕТ 11 қараша 2019 г. 1 885 0
Сыр өңірінің көркем әдебиеті (1946-1991 жж)

Сыр өңірінің көркем әдебиеті (1946-1991 жж)

Кеңестік дәуірдегі әдебиет қазақ сөз өнерінің тарихындағы жемісті жылдарға жатады. Ұлт тарихындағы ең бір қиын да күрделі, әрі рухани мол дүние қалдырған тұлғалар еңбегі жоғары бағалауға лайық. Замана көшінен қалмай, мезгіл межесінен туындаған шығармалар қазіргі таңда ұлттық көзқарас тұрғысынан қайта қарастырылып, зерделеніп, ғылыми айналымға түсуде. Бұл орайда, қазақ әдебиетіне өңірлік қаламгерлер қосқан үлес те зор. Сондықтан, Сыр өңірі әдебиетінің тарихын тұтастай қазақ әдебиеті кезеңдеріне сай қарастыру, шығармалардың шынайы бағасын беру – бүгінгі уақыт қажеттігінен туындап отыр. Әдебиет ешқашан қоғамнан бөлек болған емес, ұлттың тіршілік-тынысын, рухани болмыс-бітімін, дүниетанымдық көзқарасын көркем шығармалар арқылы танитын болсақ, бұл мақсатты да жоғары деңгейде орындай білген қаламгерлер шығармашылығына жеке-жеке тоқталуымыздың себептері бар. Біріншіден, қазақ әдебиеті тарихындағы өңірлік әдебиеттің көрнекті өкілдерінің шығармашылығы кезең-кезеңімен қарастырылады. Екіншіден, дәуір тынысын бейнелеуде, образ сомдауда, уақыт шындығын көркемдік шындыққа ұластырған шын мәніндегі шеберлік қырлары айқындалады. Үшіншіден, Сыр өңірінен шыққан қаламгерлердің өзіндік ерекшеліктері мен қазақ әдебиетінің дамуына қосқан сүбелі үлесі сарапталады.
ӘДЕБИЕТ 11 қараша 2019 г. 1 673 0
Ақылшы досым,  aйнымас серігім

Ақылшы досым, aйнымас серігім

  Уа, «Сыр бойым», Жан сарайым жасымнан, Қырға даңқын, Сырға даңқын асырған.
ӘДЕБИЕТ 07 қараша 2019 г. 1 167 0