«Дипломмен – ауылға!»: көш басында – Жаңақорған

«Дипломмен – ауылға!»: көш басында – Жаңақорған

 Биыл еліміздегі айтулы жаңалықтың бірі – 1 маусымнан бастап денсаулық сақтау жүйесі мамандары еңбекақысының 30 процентке артуы болды. Ұлт саулығы – ең бірінші техникалық мүмкіндікке емес, сауатты маманға байланысты. Қазір елімізде дәрігер тапшылығын жою мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауылға аттанып, мемлекет тарапынан қолдау көрген жас мамандар осы сөздің айғағы. Қызылорда облысы – жас мамандарды қолдау көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда болса, өңірімізде бағдарлама игілігін көрген медициналық кадрлардың басым бөлігі – Жаңақорған ауданында. 
Денсаулық 20 шілде 2019 г. 1 917 0
Ақылды құлып пен кілт

Ақылды құлып пен кілт

 Біз цифрлық әлемнің ажырамас бір бөлшегіне айналдық. Бүгінгі ұрпақ интернетсіз өмірді елестете де алмайды. Біз бақытты да бақуатты өмір сүру үшін шексіз мүмкіндіктерге иеміз. Уақыт озған сайын ел өміріндегі сандық технологиялардың салмағы артып келеді. Қазір қалта телефонымен талай шаруаны тындыруға болады. Қалаған бейнеңді көру, тамаққа тапсырыс беру, билет алу, балабақшаға кезекке тұру, тіпті іздеген адамыңыздың мәліметтерін де табу оңай іс болып қалды. 
Әлеумет 20 шілде 2019 г. 1 281 0
Ескерткіштермен еркін таныса аласыз

Ескерткіштермен еркін таныса аласыз

Қазалыдағы республи­ка­лық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерге QR-коды бар тақтайшалар орнатылған. Осыған орай аудан тұрғындары мен қонақтары туған жердегі ескерткіштер туралы мәліметті еш қиындықсыз таба алады. Ол үшін қолында QR-код оқитын арнайы мобильді бағдарлама жүктелген ұялы телефон болса жеткілікті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2019 г. 575 0
Жаңа ІТ жобалар іске асады

Жаңа ІТ жобалар іске асады

Қызылордада ІТ бағытта 26 жоба іске асады. Оның бесеуі негізгі салаға, алтауы басым салаларға арналады6 - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2019 г. 534 0
«ТОМПИ» – кинодан туған идея

«ТОМПИ» – кинодан туған идея

Қазыналы Қазалыда «Томпи» атты бадынақ бар. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сүйсіне жейтін бұл өнім облыс аумағына тарап жүр. Ашылғанына көп болмаса да, таныла бастаған «Томпиды» өндіру идеясы кинодан туындапты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2019 г. 976 0
Маман кеңесі маңызды

Маман кеңесі маңызды

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының ұйымдастыруымен «Өз денсаулығың – өз қолыңда» акциясы өткізілді. Мақсат – скринингтің қажеттілігін, профилактикалық медициналық тексерудің маңыздылығын халыққа жеткізу.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2019 г. 351 0
Кісілік келбеті

Кісілік келбеті

«Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат»  деп Абай атамыз айтпақшы, сырт қарағанда ол сияқты ашаң денелі, орта бойлы адамдар аз емес. Кездесулер мен сырласулар, сырласулардан, көп ретте бірге жиі араласулардан кейін кімнің-кім екенін, адалдығын, азаматтығын, өткір сөздің шебері, мінезінің салмағын, ақкөңіл-ақжарқындығын, өзгеге өз ойын өжектемей тыңдататын парасатын, өкпелеткендерге де өті жарыла өшікпейтін болмысын тани түседі екенсің. Негізі жаратылысынан мейірімі мол адамдарды табиғи түйсік арқылы көбірек үйірсектейді. Сондай азаматтың бірі Тұрғанов Әбдіраман аға болса керек.  Әбекеңмен бір ауылда, бір мектепте оқып, бірге өстік. Балалық шағымызда сол «Ақтайлақ», «Өндіріс», «Каганович», «Көктөбе», «Ақсай» елдімекендері мен Ленин кеңшарында  өтті. 
ТАҒЫЛЫМ 20 шілде 2019 г. 769 0
Латын  әліпбиін енгізудің    ғылыми және   ұйымдастырушылық  негіздері

Латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық негіздері

 Қоғамдағы жаңғыру ең алдымен рухани жаңғырудан бастау алатыны белгілі. Қоғам мүшелерінің сана деңгейіндегі жаңғыруы ғана әлеуметті жаңа серпілістерге жетелейді. Осы ретте біздің саналы жаңғыруымыз тілдік жаңғырудан өрістейтіні де белгілі болса керек. Тілдік жаңғырудың басы – жаңа әліпби қабылдау. Латын әліпбиіне көшу туралы маңызды мәселе тәуелсіздік алған уақыттан бері сан рет көтеріліп енді, міне, шешімін тапты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген әліпби мәселесі оның 2017 жылғы 26 қазандағы және 2018 жылғы 19 ақпандағы Жарлықтарымен бекітілді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2019 г. 400 0
Алтын күннің сәулесі

Алтын күннің сәулесі

Әйтеке би кенттік клубы ұжымының ұйымдастыруымен өткен  Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шәмшия Жұбатовамен жерлестерінің кездесу кеші көпшіліктің санасында жылы әсер қалдырғаны анық. Өнер адамдарының арасында «Мықты жүргізуші кештің жарты жүгін көтереді» деген ұғым бар. Бұл жолғы жыр кешін  «Қазалының Левитаны» атанған танымал әнші Кенже-Әлі Асқардың тапқыр да әсем теңеулерге толы сөздермен өрнектеуі мазмұнын байыта түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2019 г. 708 0
Перзент сыры

Перзент сыры

Күн тас төбеге көтерілгенде оның сәулесі зәулім сарайдың терезесінен тұтастай түсіп жатты. Қолына қалам ұстаған жазушының ойы туған жердің төріне сапарлап кеткен. Тартоғай төңірегіндегі көк майса... Жалаң аяқ, жалаң бас асыр салған, шіркін, балалық. Көне мектеп ғимаратында кластастарымен бірге талай бақытты шақты өткерген еді. Енді, міне, алпысыншы жаздың табалдырығынан аттаған шақта өткенге көз салып, қалам тербеп отыр. Кейінгіге көз тастап, «не істедім?», «не бітірдім?» деп тағы бір онжылдықтың есебін өзіне тапсыратындай...
ТАҒЫЛЫМ 20 шілде 2019 г. 1 184 0