« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазыналы Қазалыда «Томпи» атты бадынақ бар. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сүйсіне жейтін бұл өнім облыс аумағына тарап жүр. Ашылғанына көп болмаса да, таныла бастаған «Томпиды» өндіру идеясы кинодан туындапты.
– Білесіздер ғой, кино көруге барғанда қолыңызға алатыныңыз бір құты сусын мен осындай жеңіл тағам. Өтімділігі сонда. Жолдасым екеуміз киноға барған сайын мынаны бұзылмайтындай етіп, жұртшылыққа қолжетімді әрі кез келген жерде жей беретіндей дайындасақ қалай деп ойландық. Оның үстіне, жолдасымның мамандығы технолог, ол да бізге көп көмек, – деп бастады сөзін жеке кәсіпкер Гүлсая Құтжанова.
«Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы оқу курсынан өткен ол өңірлік инвестициялар орталығы арқылы мемлекеттен 2 млн 300 мың теңге көлемінде несие алған. Шикізаттан дайын өнімге дейінгі аралықта үш аппараттан өтеді. Оның үшеуі де – ресейлік техника.
– Осы кәсіпті бастау үшін бас-аяғы 5 млн теңгедей қаржы жұмсадық, – деді кәсіпкер. – Ресей, Қытай, Америкада жақсы аппараттар бар. Біз соның ішінде Ресейдікін таңдадық. Қытайдыкі бағасы арзан болғанымен, сапасы жақсы емес. Америкадан алдырғанымен, жөндеу жағы мәселе. Ал Ресейдікі сапасы да жақсы, бұзылса, жөндеуге де қашық емес. Біз соны таңдадық. Қазір өнім Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласына тарайды. Қызылорда қаласындағы «Магнум» сауда орталығымен келіссөздер жүргізілу үстінде.
Өнімділігі айына 20 мың қалтаны құрайды. Әрбір қалтада 50 грамм попкорн бар және 80 теңгеден сатылады. Бағасы қолжетімді, дәмі тіл үйіреді. Қазақстан бойынша мұндай өнімдер көп болғанмен, жоғары сапада даярланғандары аз. Сондықтан кәсіпкер сапаға назар аударғанын айтады.
– Мен жүгеріден кейіпкер жасағым келді. Қалташықтың сыртындағы жүгері суретіне тақия кигізіп қойғанмын. Болашақта әрбір қалтаның сыртында алушымен диалог орнайтын болады. Мәселен, «Халің қалай?», «Менің атым – Томпи» деген тәрізді сөздер жазылады. Сондықтан, бұл өнім арқылы көп нәрсеге қол жеткізе аламыз деп сенемін, – деді кәсіпкер.
Әзірге 3 адам жұмыспен қамтылған. Болашақта келіссөздер жақсы орнап, ірі сауда орталықтарымен байланысқа шықса, жұмыс күшін де көп қажет етпек. Демек, әлі де бірнеше азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар.
– Қазір қорапқа тапсырыс бердім. Ол кезде республика аумағына таратуға болады. Бастысы, кәсіпті өрге бастыру. Мемлекеттің беріп отырған жеңілдіктері мен мүмкіндіктері жұмысымызды біраз жеңілдетіп отыр, – деп түйіндеді кәсіп иесі.
Жақында ол «Томпиды» салып алып, облыс орталығында өткен Қазақстан тауар өндірушілері көрмесіне де барып қайтты. «Жұрт баласын «Томпи» деп керкелетеді ғой. Бұл да сол сияқты» деп қалжыңдап та алды Гүлсая Құтжанова.
Аян СПАНДИЯР.
Қазалы ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |