« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының ұйымдастыруымен «Өз денсаулығың – өз қолыңда» акциясы өткізілді. Мақсат – скринингтің қажеттілігін, профилактикалық медициналық тексерудің маңыздылығын халыққа жеткізу.
Акция барысында қаладағы сауда орталықтарының біріне емхана дәрігерлері жиналды. Ақ халаттылар «Денсаулық аллеясын» ұйымдастырып, көптің алғысына бөленді. Онда тұрғындар қан қысымын, қандағы қант мөлшерін өлшетуге, сонымен бірге кәсіби кеңес алуға мүмкіндік алды.
Ал, «Қауіпсіз тағам таңда!» ұранымен өткен тағы бір шарада өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын техникалық регламент талаптарының сақталуы, тамақтан уланудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған шарада «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалы мамандары экспресс тәсілдерін қолдана отырып, тұрғындардың сатып алған тағамдарының санитарлық нормативтерге сәйкестігін тексерді. Тағам өнімдерінен 10 сынама нитрат мөлшеріне, микробиологиялық көрсеткіштерге 11 сынама және паразитологиялық зерттеуге 14 сынама алынды. Нәтижесінде сәйкессіздік анықталған жоқ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |