Букмекерлер мен казино иелерін жасырын кәсіпке кетеді деп болжайды. Мемлекеттік органдардың жаңа салық кодексі кәсіпкерлік қоғамдастықтың пікірін ескере отырып дайындалды деген жаңалығы ойын саласының өкілдерін шошытты. Күтпеген жаңалықтың «таңданысы» көп. Парламент Сенатының депутаттары құжаттың дайын жобасын Мәжіліске кері қайтарды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 желтоксан 2017 г.
713
0
Жуырда Қызылордада тұратын Мейрамбек інім хабарласып, келесі жылы әкесі Шамаудың 90 жылдығы екенін, соған арнап балалары кітап құрастырып, ас бергісі келетінін айтты. Осыдан кейін 1955 жылдан бергі 60 жылдан астам уақытты еске түсіріп, Шамау аға Ибрашев жайында жазуға отырдым.
ТАҒЫЛЫМ
12 желтоксан 2017 г.
974
0
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы, үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондай-ақ, өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
АҚПАРАТ
12 желтоксан 2017 г.
585
0
1. Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізу реформасының жүзеге асырылу мерзімі неге байланысты түзетілді?– МӘМС-тің Қазақстандағы бюджеттік-сақтандыру үлгісі дегеніміз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттің басым ролі арқылы халықтың барлық санатының, бизнестің, азаматтың өзінің сақтандыру жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті ынтымақты түрде қатысуы. Барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтер көрсету пакетіне тең дәрежеде қолжетімділігі «әркімнен мүмкіндігіне қарай» және «әркімге қажетіне қарай» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Дегенмен, әлеуметтік сауалнамалар құрылымында жүргізілген сараптамалық бағалаулардың нәтижелері көрсеткендей, аталған реформаны жүзеге асыруда елеулі қауіптер баршылық - «өзін өзі қамтушылардың» сақтандыру жүйесінен тыс қалу қаупі жоғары. Белгілі бір ресми табыстары жоқ, салық пен әлеуметтік жарна төлемейтін адамдар тұрғындардың біршама бөлігін – 2,7-3(?) млн құрайды, яғни, олар формальды экономикадан тыс қалған.ҚР Парламенті палаталарының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық сақтандыру жүйесінің прогрессивтілігін айта келе, ҚР Үкіметіне денсаулық сақтау саласын реформалау қадамдарын қайта қарап, сақтандыру медицинасына азаматтардың барлық санаттарының тең дәрежеде (әділетті) қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
АҚПАРАТ
12 желтоксан 2017 г.
513
0
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде іске асырылып жатыр. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында енгізіліп жатқан реформалардың барлығы сала жұмысында өз нәтижесін беріп келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (әрі қарай Қор) құрылды. 2017 жылдың маусым айында осы аталған қордың филиалдары еліміздің әрбір облыстарында ресми түрде ашылды және шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер, азаматтық құқықтық шарт арқылы жұмыс атқаратындардан аударымдар мен жарналар тұрақты аударылып отыр. Аударылған аудырымдар мен жарналар Ұлттық банкте сақталады және Қордың ресми сайтында ашық көрсетіледі.
Әлеумет
12 желтоксан 2017 г.
1 224
0
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап өтеді. Сыр еліндегі тарихи мәні терең көне қалалардың бірі – Сығанақ. Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыстан 12 ескерткіш енгізілсе, соның бірі біз әңгімелеп отырған қала.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 желтоксан 2017 г.
1 789
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында облыстық соттың ұйымдастыруымен «Қазақ қоғамындағы билер соты төрелігінің заманауи сот жүйесінде жүзеге асуы» атты тақырыпта ғылыми конференция өтті. Оған жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылар, сот жүйесі қызметкерлері, мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және студенттер қатысты.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2017 г.
942
0
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексі бекітілген. Кодексте мемлекеттік қызметшінің барлық мақсат-міндеті айқын көрсетілген. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметші барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсайды. Кодексте өзінің Отанына қалтқысыз әрі адал қызмет ету қажеттігі жазылған.
Әлеумет
12 желтоксан 2017 г.
913
0
Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының аясында Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда көпшілік ықыласына бөленген күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Сыдықовтың шығармашылық кеші өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 желтоксан 2017 г.
661
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасайтынымыз айтылған.
БИЛІК
12 желтоксан 2017 г.
701
0