« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Букмекерлер мен казино иелерін жасырын кәсіпке кетеді деп болжайды. Мемлекеттік органдардың жаңа салық кодексі кәсіпкерлік қоғамдастықтың пікірін ескере отырып дайындалды деген жаңалығы ойын саласының өкілдерін шошытты. Күтпеген жаңалықтың «таңданысы» көп. Парламент Сенатының депутаттары құжаттың дайын жобасын Мәжіліске кері қайтарды.
Мәселенің құны осындай табысты сала үшін де айтарлықтай сезіледі. Мәселе ойын бизнес үшін салықты – екі есе, ал букмекерлік канторға арналған электронды касса үшін бір жарым есе ұлғайту туралы болып отыр.
«Бұл нені білдіреді? Ойын бизнесінде салық нысаннан төленеді. Казинода – ол рулетка, үстелдер мен ойын автоматтары. Букмекерлерде – кассалар. Есептеу қиын емес – егер біз қазір айына бір нысаннан 300 мың теңгеден астам салық төлесек, жаңа жылдан бастап 600 мың төлейміз», - дейді ҚР Букмекерлік және лоторея қызметі өзін-өзі реттеу ұйымының президенті Бадри Шаинидзе.
Кәсіпкерлер жүргізілген есептеулер салық көтерілгеннен кейін бастамашылар ойлағандай бюджетке түсетін салымды арттырмайтынын айтып отыр. Салық төлеуден жалтарған бизнесмендер заңсыз алаңда жұмыс істеуі мүмкін дейді.
«Кодекс жобасын талқылау кезінде уәкілетті органды иландырып, кей тұста бізге қолдау білдірді. Ойын бизнесі әлі күнге дейін көлеңкеде қалып келе жатқан салық салудағы қайшылықтарды түзедік. Бірақ соңында бір жақты тәртіпте салықты арттыру шешімі қабылданған. Ұлттық экономика министрлігі секілді ауқымды орган өз әрекетімен бизнесті жасырынуға итермелеуіне қол бермеу керек. Осыдан сауал туындайды: бұл шын мәнінде ойластырылған қадам ба әлде қасақаналық па?» , - дейді Бадри Шаинидзе.
Жаңа Салық кодексі авторларының бірі болған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында да министрліктің шешімін аса тиімсіз деп атайды. Жыл бойы бизнеспен бірге құжаттың негізгі ережелері талқыланды. Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын берді, мемлекеттік органдар оның басым бөлігін қолдады. Әлеуметтік салық мөлшері 11%-дан 9,5%-ға дейін қысқарту, ҚҚС бойынша қолданыстағы шекті сақтау – 30 000 АЕК, бизнес үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қайта қарау және тағы басқалары бар. Алайда ойын бизнесі үшін салықты арттыру мәселесі «Атамекенмен» және бизнеспен талқыланбай қаралған.
«Бұл жағдайда біз ешкімнің де қаржылық мүддесін қорғамаймыз, себебі казино мен букмекерлер үстеме пайда табуға бағыт алғандай көрінетіні сөзсіз. Алайда мәселе бұдан да өзекті. Бұл да экономикалық жүйеге құрылған бизнестің саласы, салық қалыптастырады, инвестиция тартады және нарық жұмысы ережесінің болжамдығын қажет етеді. Экономикалық негіз келтірместен, кәсіпкерлердің пікірін ескерместен, Ұлттық палатамен талқыламай бір жақты тәртіпте шешім қабылдаудың өзі – тиімсіз әрі бизнес пен мемлекеттік органдардың арасында норма қабылдау мәселелерінде қалыптасқан өзара байланыс тәжірибесіне қайшы келіп отыр», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Ирина Тюгина.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |