11 қарашада Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі төменде көрсетілген орындарда өткізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
489
0
Сейсенбіде қаладағы автокөлік базарында «Қыс-2017» республикалық командалық штабтың оқу-жаттығуының саптық байқауы өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, техникалардың төтенше жағдайға дайындығымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
485
0
Облыстық кәсіпкерлер палатасында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті. Кездесуде шаһар басшысы Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту мақсатында қолға алынған «Жаңа қала» жобасы жайлы тарқатып айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
534
0
«Еларай» қоғамдық қоры 2015 жылы өз жұмысын бастады. Қордың мақсаты: жалпы қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолұшын беріп, қолдау көрсету. Бір айта кетерлігі, мұнда атқарылатын шаралардың басым бөлігі еріктілер есебінен жүзеге асырылады. Бүгінде қоғамдық қордың директоры болып қызмет атқаратын Асхат Байдәулетов те осыған дейін еріктілер қатарында болатын. Сондықтан оған бұл жұмыстың жай-жапсары жақсы таныс.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
617
0
Жантөре Бердібаев 1992 жылдан бастап мал шаруашылығымен шұғылдануды шындап қолға алды. Қолдағы азын-аулақ малын жиыстырып, шаруа қожалығын құрды. Әкімдіктерді жағалап жүріп, дария жағасынан жерді бекітіп алды. Өзінің тұрғылықты жері «Жаңатұрмыстан» тура 20 шақырым қашықтықтағы «Орыс түбек» деп аталынатын тоғай арасына таңдауы түсті. Жылқысын да, ірі қара малын да кең жерге жіберіп, еркін бір демалғандай болғаны сол кез. Ол атакәсіпті өркендетуге осылай ерекше екпінмен кіріскен-ді. Нақты кезеңде ұлдары – Бекбол мен Бекетау және келіндері Айнұр мен Аида бұл күндері отағасы бастамасын одан әрі жалғастырып, шаруашылықтың жұмысын ынтымақтаса атқарысып жүр. Әрине, еңбек еткеннің жүзі жарық, жағдайы жақсы болары анық. Мал бағудың бейнеті зор болғанымен, өзіңнің ақ адал тірлігің, біреуге жалынбайсың, қайта саған жағдай айтып келетіндер баршылық. Баққанға мал бітеді ғой, жаратушы да пендесінің қаракетіне қолдау білдіреді, әр істің оңтайын осылай келтіріп тұрады. Бұл күндері жылқының үйірі 3-4-ке, ірі қарасы жүз қаралы малға айналды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
515
0
Бағдарламалық құжат деңгейінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деген салиқалы байламын білдіреді. Шын мәнінде де, кез келген мемлекеттің жарқын келешегі сол елмен өзінің өмірі мен өскелең ұрпағының ертеңгі тағдырын байланыстырған барша қоғамның төл тарихын, мемлекеттік тілін, дәстүр-салтын, мәуелі мәдениетін бойына сіңіруі мен санасына қалыптастыру деңгейімен өлшенетіні ақиқат. Бұл рухани факторлар халықтың сыртқы идеологияға, жат радикалды ағымдарға қарсы төтеп беруінің иммунитетін күшейтеді және жаһандық аренада бәсекеге қабілетті қоғамды түпкілікті орнықтырады. Ұлттық мәңгілік рухани құндылықтары да дәл сол сияқты, ол ұрпақ санасында ұдайы жаңғырып отырмаса, замана табымен көмескі тартып, өзіне тән бояуы қашып, өзге өркениеттердің толқынында шайылып кетуі әбден ықтимал. Бұл тақырыпта басы ашық ақиқаттың бірі ретінде Елбасының қоғамды рухани-мәдени жаңғырту мәселесін ұдайы назарында ұстап, бұл салада сабақтастықпен жүргізіп келе жатқан саясатының сындарлылығын атап көрсетуіміз керек.
ҚОҒАМ
09 қараша 2017 г.
1 065
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық код пен ұлттық мәдениет сақталуы қажет екені айтылады. Біз рухани жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп көрсетілген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
481
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубының ойыншылары мен басшылық құрамын қабылдап, маусымды сәтті қорытындылауымен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
558
0
Әлем экономикасында «мұнайы бардың құдайы бар» деген сөздің пайда болғанына ғасырға жуық уақыт өткен болар. Ол сөздің бекерге айтылмағаны да белгілі. Өйткені, кез келген елдің экономикасын ғана емес, оның энергетикалық, сондай-ақ жалпы қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де мұнай мәселесімен ұштасатыны білінеді. Ал Қазақстан жағдайында «қара алтынның» алар орны ерекше болып келді. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі күні Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің үлесі елдегі жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын, ал экспорттан түсетін табыстың жартысынан астамын құрайды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
489
0
«Іс тетігін кадр шешеді» қағидасының біздің елімізде де орны ерекше. Оған қоса мемлекеттік қызмет барысындағы сатылап өсу ұстанымының көп көңілінен табылып жүргенін ел ішінде естіп жүрміз. Қалай десек те, елдің тыныс-тіршілігін, өзі қызмет жасайтын саланың қыр-сырын жете білудің маңызы қаншалықты жоғары екені баршаға аян. Дәл осындай көрініс теңіз төскейінде де қалыптасқан. Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың еңбек жолына көз тастасаңыз – жетекші маман, бас маман, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары секілді баспалдақтардан өткенін көреміз. Бүгінгі әңгімемізде Мұхтар Әуесұлы басқаратын іргелі ауданның аяқ алысына қысқаша тоқтала кетпекшіміз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2017 г.
518
0