« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық кәсіпкерлер палатасында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті. Кездесуде шаһар басшысы Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту мақсатында қолға алынған «Жаңа қала» жобасы жайлы тарқатып айтты.
Бұған дейін Сырдария секілді ірі су артериясының жайлы микроклиматы, өзеннің табиғи әсемдігі мен тартымдылығы қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға пайдаланылған жоқ. Енді сол жағалауды игеру арқылы Сырдария өзенінің Астанадағы Есіл өзені сияқты табиғи тартымдылығы артады. Сонда Сырдария жағасындағы керемет қала жандана түседі.
Бұл аумаққа геологиялық зерттеулер жүргізіліп, жер қыртысының биік ғимараттар салуға болатыны анықталды. Сол жағалаудың бас жоспары белгіленіп, бүгінде кезеңі бойынша жұмыстар атқарылуда. Жаңа шаһар ерекше болмақ. Ұлттық реңке қанық, шығыстық нақыштағы кескіндермен, ою-өрнектермен, қазақы иірімдермен көркемделмек. Сонымен қатар, сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады. Атап айтқанда, тұрғындарға арналған 11 аудан, 1 индустриалды аймақ және 3 ірі саябақ пен жасыл желекті аймақтар қарастырылып отыр.
Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 1532 гектар аумақтың түбегейлі жоспарлау жобасы жасалып, құрылыс жұмыстары биылғы көктемде басталды. Жалпы, бұл аумақта 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, 190 мың шаршы метр сауда, кеңсе ғимараттары, 16 мектеп, 12 балабақша, 4 денсаулық нысаны, 30 мың орындық стадион және басқа да көптеген кәсіпкерлік нысандар бой көтереді. Сол жағалауды кешенді игерудің бірінші кезеңі бойынша сол жағалау алаңының және қажетті инфрақұрылымдарының құрылысы 2017-2024 жылдар аралығына жоспарланған. Өткен жылы Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын құны 6 млрд теңге құрайтын автомобиль көпірі пайдалануға берілді. Ал, осы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұрғын үйдің және 320 орындық балабақшаның іргетасы қаланды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тапсыру мерзімі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы болып белгіленіп отыр. Ең бастысы – бұл нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен салынуда. Сондай-ақ, аталған аумақта «Қазақ Орталық Атқару Комитеті» мұражайы, «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығының ғимараты бой көтеруде.
Жиында қала басшысы кәсіпкерлерді сол жағалауды игеру шараларына белсенді қатысуға шақырды. Әкімшілік тарапынан қолдау көрсетуге қашанда әзір екендігін жеткізді.
– Сол жағалауды игеруде барлық ұсыныстарыңызды қарайтын боламыз. Әзірге жер уақытша пайдалануға беріліп жатыр. Бір жылдың ішінде құрылыс жұмыстары жүріп, әрі қарай белсенді әрекет етсе, кәсіпкерлерге жерді заңдастырып беретін боламыз. Біздің мақсат тек ірі жобаларды ғана емес, шағын кәсіпкерлікті де қолдаймыз. Сондықтан барлықтарыңызды белсенді болуға шақырамын,–деді қала әкімі.
Өз тарапынан Кәсіпкерлер палатасы да жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді. Кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары мен өзге де құжаттарын тегін әзірлеп бермек.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |