ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ғылыми-зерттеу орталығында “Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы” жобасына ұсынылған жас ғалым, ҚР Білім және ғылым министрлігінің үздік оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Нұрбол Аппазовпен кездесу өтті. “Туған жерге тағзым” әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған шараға “Жас ғалымдар альянсы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғани Байұлы, бірлестік мүшелері мен ғылымға бейімі бар дарынды жастар қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 537 0
ЕЛГЕ ҚОРҒАН, ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН

ЕЛГЕ ҚОРҒАН, ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН

Арғы тарихқа көз жіберіп, зерделеп зертесек, қазақ елінің басынан талай қайғы-қасірет, зобалаңдар із салып өткен. Осындай  шешуші оқиғалардың бел ортасында елі үшін белі қайысып, бар ауыртпалығын көтерісуге білек сыбана кірісіп, жанын да, қасық қанын да аямаған, жалаң қылышпен жауға шапқан ұлт мақтаныштары да жеткілікті болған. Сондай басын бәйгеге тіккен ерлердің бірі – батыр, қолбасшы, би, тархан, есімі әйгілі Есет Көкіұлы бабамыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 1 087 0

ТҰМАУДЫҢ ЭПИДАХУАЛЫ ТҰРАҚТЫ

Биыл аймақта тұмау ауруының эпидемиоло­гиялық ахуалы тұрақты. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыс бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова осылай мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 390 0

ҰРЫНЫ ҰСТАП БЕРЕДІ

Қызылордада «Қазақтелекомның» «Бұлтты бейнебақылау» жобасы қанат қақты. Компания әзірше оны бірен-саран көп¬қабатты үйден бастап отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте қалалық ішкі істер басқармасы бас-тығының міндетін атқарушы Нұрбол Әбдіразақ биыл 9 айда 615 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның 147-сі әшкереленгенін айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 398 0
ЖАНАРМАЙ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛЫПТЫ

ЖАНАРМАЙ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛЫПТЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Д.Болатбеков аймақтағы жанар-жағармай бағасына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде БАҚ өкілдеріне баяндап берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 420 0

ЖОЛ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЗОР

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс аумағында жолаушыларды және жүк тасымалы мәселесін талқылау мақсатында онлайн конфе­рен­ция болып өтті. Онда об­лыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының мін­­детін атқарушы Қайрат Әбсұлтанов салада атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баяндады.
--- 21 қазан 2017 г. 453 0
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕСІ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕСІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов, Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Нұрлан Беркімбаев және Шиелі аудандық ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әбен Жұпарбектің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тақырыбында брифинг өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 596 0

КӨП АУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІК КЕНЖЕЛЕП ТҰР

Жыл басында өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай жол картасы әзірленді. Мемлекет тарапынан осы салаға бағытталған барлық қолдау тетігі біріктірілді. Содан бері он айға жуықтады. Бірақ аудан, ауыл әкімдері тиісті деңгейде жұмыс істемеген.  Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі селекторлық мәжілісте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шағын және орта бизнестің ауыл-аймақтағы жағдайына көңілі толмайтынын айтты. Президент биылғы Жолдауында аталған сектордың ішкі жалпы өнімдегі үлесін 2050 жылға дейін кем дегенде 50 пайызға жеткізуді тапсырды. Оған жету үшін облыс әкімі әрдайым барлық деңгейдегі әкімдерге салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру, қоғамдық-саяси ахуалды жақсартуды міндеттеп келеді. Ал бұларды түпкілікті шешудің бір жолы – жергілікті жерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту.  
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 567 0
ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР ҒАЛЫМЫ

ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР ҒАЛЫМЫ

Халқына өлшеусіз еңбек сіңірген текті тұлға­лардың өмірі мен өнегесін жамағат назарына ұсынып отырудың мәні айрықша. Биыл атақты ғалым Шахмардан Есеновтің туылғанына 90 жыл толып отыр. Алты алаштың анасы атанған Сыр өңірі еңбегін әлем мойындаған айтулы академиктің мерейлі мерекесін облыс әкімінің бастамасымен кең көлемде атап өтуде. Әсіресе, Шиелі ауданының жұртшылығы өздерінің еңбек жетістіктерін осы мерейге арнап, биылғы егін жинау науқанын қысқа мерзімде аяқтап үлгерді. Күріштен жоғары өнім алды. Осы орайда қоғам қайраткері, дарынды ғалым Шахмардан Есеновтің өмір дерегіне шолу жасамақпыз.
ТАҒЫЛЫМ 21 қазан 2017 г. 1 004 0
PDF 20 қазан 2017 г. 731 0