ҰРЫНЫ ҰСТАП БЕРЕДІ

Қызылордада «Қазақтелекомның» «Бұлтты бейнебақылау» жобасы қанат қақты. Компания әзірше оны бірен-саран көп¬қабатты үйден бастап отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте қалалық ішкі істер басқармасы бас-тығының міндетін атқарушы Нұрбол Әбдіразақ биыл 9 айда 615 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның 147-сі әшкереленгенін айтты.
Ұрылар негізінен үйге кілтті іріктеп ашу, мұржа арқылы өрмелеп шығу арқылы кіреді. Оның үстіне, қазір жұрт бірыңғай пластик терезе орнататын болған. Ал оның ашылып-жабылғаны білінбейді.
– Көпқабатты үйлерде тұрғын¬дар коляска, велосипед дегендер үйге сыймағасын сыртқа қоя салады. Бұл да ұрлық-қарлықты көбейтіп отыр. Жыл басынан бері, мысалы, 109 велосипед қолды болған, – деді Н.Әбдіразақ.
Қала прокуроры Мұрат Досма¬ғамбетов биылдыққа тіркелген қылмыстардың тең жартысы ұрлық екенін айтады. Бас прокуратураның «Ұрлыққа тосқауыл» жобасының көмегімен бұл көрсеткіш қайта алдыңғы жылғыдан 15,9 пайызға азайды. «Қазақтелеком» ұсынған «Бұлтты бейнебақылаудың» да көп көмегі тиер еді. Ерекшелігі – пәтер иелері үйлеріндегі жағдайды онлайн режимде көріп отырады. Бақылау жүйесінің үлкен көлемдегі мәліметтерді сақтауға мүмкіндігі бар. Камера қараңғыда да бәрін анық қылып түсіреді, әрі мұрағат бір аптаға дейін сақталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 400 0