ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ғылыми-зерттеу орталығында “Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы” жобасына ұсынылған жас ғалым, ҚР Білім және ғылым министрлігінің үздік оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Нұрбол Аппазовпен кездесу өтті. “Туған жерге тағзым” әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған шараға “Жас ғалымдар альянсы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғани Байұлы, бірлестік мүшелері мен ғылымға бейімі бар дарынды жастар қатысты.

Келелі кездесуде жас ғалымдарға арналған мем­ле­кеттік ғылыми стипендиямен, Ресей ­Жаратылыстану Академиясының А.Нобель атындағы медалімен ма­ра­пат­талған Н.Аппазов еңбек тәжірибесімен бөлі­сіп, жеткіншектерге бағыт-бағдар берді. ­Елбасы Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы төңірегіндегі ойымен де бөлісті. Сондай-ақ, алдағы уақытта талантты оқушы­ларға қанат бітіріп, ғылыми жетекшілік жасаудан жалықпайтынын, “Туған жерге тағзым” акциясына осылай үлес қосқысы келетінін жеткізді.

Айта кетейік, Н.Аппазов бүгінде химия ғылымы саласында 35 ҚР инновациялық және өнертабыс па­тент­теріне, 170-ке жуық ғылыми еңбекке, ЖОО сту­денттеріне арналған 4 оқу құралы мен 2 моногра­фияға авторлық еткен. “Туған жерді түлету – азаматтық парызым” деп білетін ғалым жетістіктерінің бір парасы осы.

М.СНАДИН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2017 г. 536 0