« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Биыл аймақта тұмау ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыс бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова осылай мәлімдеді.
Қаңтар-қыркүйек аралығында жедел респираторлы вирусты инфекцияның 10 362 жағдайы есепке алынды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 32 пайызға төмен. Ал тұмаудың 31 дерегі тіркеліп, оның ішінде зертхана арқылы дәлелденген деңгейі 2,3 есе кеміді. Тұмаумен ойнауға болмайды. Асқынып кетсе, пневмония, менингит сияқты ауруларға ұласуы мүмкін. Мамандар ересектердің көбіне үйде өз бетінше емделетінін айтып отыр. Балаларының мұрны пысылдап, қызуы көтерілсе ғана дәрігерге көрінеді.
– Қазіргі уақытта тұмаудың алдын алу үшін ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Иммундық жүйені нығайтуға, одан бөлек, лимон, итмұрын, анар, киви, жуа, сарымсақ көмектеседі, –дейді Ә.Әбдіқайымова.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |