ЖАҢАҚОРҒАН ЕРКІН БИЗНЕС АЛАҢЫНДА

ЖАҢАҚОРҒАН ЕРКІН БИЗНЕС АЛАҢЫНДА

Халқының саны және даму қарқыны жағынан аймақта алдыңғы қатарға шыққан Жаңақорған ауданы Елбасы бағдарламаларын жергілікті жерде орындаудың тиімді тәсілдерін қолға ала отырып, кәсіпкерлік саласына кең өріс ашты. Жуырда «Жаңақорған – еркін бизнес алаңы» тақырыбында аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен алқалы жиын өткізіліп, бұл мәселе жан-жақты талқыланды және тың тәжірибе ортаға салынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 643 0
ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН

ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН

Бұқаралық ақпарат құралы өкілі болғандықтан түрлі басқосуларда жиі болып тұруға тура келеді. Ондай жиындарға ардагерлердің де қатысатын кезі көп болады. Сондай да ақсақалдарымыздың арасынан үнемі бір кісіні іздейтінмін. Ол кісінің қатысып отырғанын көрсем неге екенін білмеймін бір серпіліп қалатынмын. Мүмкін ардагердің өзгелерден ерекшелендіріп тұратын шындықты бетке айтатын батылдығы, екі тілде еркін сөйлеп, келелі мәселелерді басшыларға кібіртіктемей жеткізетін батырлығы секілді қасиеттері әсер еткен болар. Алайда, бір өкініштісі, енді оны ешқашан да көре алмаймыз. Өйткені, біз айтып отырған Шайхислам Серікбайұлы осыдан бір жылдай уақыт бұрын дүние салған еді.
ТАҒЫЛЫМ 09 қыркүйек 2017 г. 686 0
БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ ОБЛЫС АЛҒАШҚЫ БЕСТІКТЕ

БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ ОБЛЫС АЛҒАШҚЫ БЕСТІКТЕ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі қоғамның беталысына қарай еліміздің болашаққа қадамы, жалпы алғанда, рухани даму мәселесі айтылады.  Елбасы таяу жылдарда жаһандық бәсекеде білім, ғылым, сондай-ақ, ақпараттық технологияның мүмкіндіктері аса жоғары бағаланатынын атап көрсетіп, осыған байланысты өмір талабына сай білімнің салтанат құруы қажеттігін алға тартады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 559 0
ЕГІН ДАЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ДҮБІРІ

ЕГІН ДАЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ДҮБІРІ

Жуырда ақиық ақын Асқар ауылындағы шаруашылық егініне алғашқы орақ түсті. Егінжайға аудан әкімі Ғ.Қазантаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Бақтиярұлы мен Б.Еламанов арнайы келді. Халық қалаулылары елмен емен-жарқын кездесу өткізіп, алғашқы орақтың лентасын қиды. Диқан қауымының егіннен мол өнім алып, жауапты науқанды сәтті өткізулеріне тілектестіктерін білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 605 0
БАЙҚОҢЫРДЫҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ АШЫЛДЫ

БАЙҚОҢЫРДЫҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ АШЫЛДЫ

Байқоңыр қаласы – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екендігі мәлім. Ресеймен бірлесіп, қаланың тіршілігін қамтамасыз етіп, ортақ жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, жалға беру шартында  жұмыс жасайды. Байқоңыр қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағы Ресей мемлекетінің Қазақстаннан 2050 жылға дейінгі жалға алған «Байқоңыр» кешенін құрайды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 560 0

ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫ ІРІЛЕНДІРУ САЛАЛАР ҮШІН ҚАЖЕТ ПЕ?

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы бірден-бір тәсіл – шағын бизнесті ірілендіру, шоғырландыру. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы сәтті құрылған кооперацияларды тілге тиек етуге болады. Бірнеше шаруа қожалығы бірігіп, бірінде техника, бірінде мал басы, бірінде қора-жайы бар әлеуетті ортаға салып, кәсіптерін табысты ұйымдастырып келеді. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар агроөнеркәсіп кешенін жетілдіруде ұтымды модельге айналды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 441 0
ЖІГЕР СЫЙЛАҒАН ЖАРЫС

ЖІГЕР СЫЙЛАҒАН ЖАРЫС

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық фестивалі – 2017» кең ауқымды акциясы білім ошақтарында аталып өтуде. Фестиваль балабақша тәрбиеленушілері мен  мектеп оқушылары және тәлімгерлер арасында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен түрлі сайыстар ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 507 0
ҚОЛАЙЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ҚОЛАЙЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 626 0
АУҚЫМДЫ АКЦИЯ

АУҚЫМДЫ АКЦИЯ

«Болашақ» медициналық колледжінің мәжіліс залында облыстық жастар денсаулығы және «Синергия» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер арасында «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» атты шығармашылық байқауының қорытынды концерті өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 509 0
МӘСКЕУ МЕН ПЕТЕРБОРДА СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ

МӘСКЕУ МЕН ПЕТЕРБОРДА СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ

Адамзат баласы уақыт өткен сайын өз мүмкіндігін шыңдап, шексіздікке қарай ұмтылып барады. Бір анығы, табысқа қол жеткізген адам өзінің шыққан шыңының биігінен қарағанда, жолдың басы білім алу, оқу, үйрену талабынан бастау алғанын анық көреді. Сондықтан білім алуға жұмсаған күш-жігері мен уақытын, қаржысын текке кетті деп есептемейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 1 160 0