Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтың бірі облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қыркүйек 2017 г.
516
0
Жаңақорған ауданының өнер майталмандары Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Жүректен жүрекке жылу сыйлайық» атты қайырымдылық концертін өткізді.Шараны Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков ашты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қыркүйек 2017 г.
1 012
0
Экологиялық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ескерту, анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметі және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген рейдтік жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.
ҚОҒАМ
19 қыркүйек 2017 г.
674
0
Айтыс – Сыр бойының қашаннан бауыр басқан төл өнері. Халық арасынан шыққан ақындар өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ, абырой санаған. Оны құрметтеп, табиғат сыйлаған талант қуатымен аламан бәйгеге қосқан тұлпарлардай бір-бірімен жарысып, жақсы өлең туындату жолында жыр додаларына түскен. Осылайша арқалы ақындардың әрқайсысы жыр бұлағын көктемгі өзендей тасқындата білген.
РУХАНИЯТ
19 қыркүйек 2017 г.
735
0
Қазақстандықтар 19 қыркүйек күні таңертең күн шығар алдында жұлдыздардың ерекше көрінісіне куә бола алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қыркүйек 2017 г.
468
0
2017 жылдың 2 маусымы күні Қазақстан Республикасының «Коллекторлық қызмет туралы» Заңы қолданысқа енді. Күшіне енген Заң несие алғандардың және банктерге қарызы бар адамдардың құқығын қорғау үшін енгізілген. Заңға сәйкес, коллекторлық компаниялар клиенттерге қатысты мәліметтерді құпия ұстауға міндеттеледі. Яғни, коллекторлық агенттіктер ең бірінші қауіпсіздік пен құпиялылықты сақтауы керек.Бүгін «ҚР Ұлттық Банкі» Қызылорда филиалының өкілдері осы жөнінде мәлімдеме жасады.
АҚПАРАТ
19 қыркүйек 2017 г.
567
0
Бір кездері «Шіркейлі» ауылының даңқы дүркіреп шыққан. Елді жиырма жыл басқарған отызмыңдық Жаңабай Азаматов биікке көтерген бұл ауыл Одақ тұсында «Еңбек Қызыл Ту» орденін иеленді. Күріш, мал шаруашылығы қатар өркендеген, жылма-жыл жүз мың центнерге жуық күріш тапсырып, талай марапатқа ие болғанын көзкөргендер әлі күнге жыр етіп айтады. Атақты Ұлбикемен айтысатын Күдері ақынның кіндік қаны тамған қасиетті жерде айтқыр Қалтай, ақын Әбдірәштар дүниеге келген. Үш жүз тағзым еткен Тапал ахунның табаны тиген өңір құт берекелі бірліктің мекеніне айналған еді. Әбен, Жақып, Құдайберген, Ыдырыс, Абат, Молдабек сынды абыздар кезінде елге сыйлы болды. Қазіргі көзі тірі ардагерлер – Құдаш, Бекен, Біләл, Зейнолла, Абзалдар сол дәстүрді жалғастырып, елдің бірлігін сақтауда құрметке бөленумен жүр.
Cұхбат
19 қыркүйек 2017 г.
1 698
0
Ардақты әкелер, аяулы аналар, қымбатты ағалар мен апалар, іні-қарындастар, желкілдеп өсіп келе жатқан жас жеткіншек!
ӘДЕБИЕТ
19 қыркүйек 2017 г.
1 884
0
Ақ күріштің ордасы атанумен бірге «Сыр қауыны» деген брендімен шет елдерге атағы жайылған Қазалы бау-бақша өнімдерімен де көпшілікке танылған өңір. Осыдан тура 75 жыл бұрын Бельгияның астанасы Брюссельдегі халықаралық көрмеде Қазалының қара күләбісі алтын медаль иемденгені баршаға аян. Өкінішке қарай, сол игі дәстүр соңғы жылдары бәсеңдеп қалды. Дегенмен, ағымдағы жылы аудан әкімінің тікелей қолдауымен ауылдық округтерде бау-бақша егу жұмыстарын жандандыру қызу қолға алынған-ды. Жыл көлемінде өнімді егуден бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі аралықтағы барлық жұмыстар үйлестірілуі бағбандық кәсіптің қарқындауына септігін тигізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қыркүйек 2017 г.
885
0
1993 жылы Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы талай қазақстандық жастардың шет елдің жоғары жетекші оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беріп келе жатқан бірегей бастама екені белгілі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қыркүйек 2017 г.
458
0