Экологиялық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ескерту, анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметі және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген рейдтік жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.
Жақында Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылының 7-8 шақырымдай жерде жарықтандырғыш шамын жағып келе жатқан УАЗ маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің ішінен 14 атылған қоян және 1 күзен аңының денесі анықталды. Бұдан бөлек көліктің ішінен 12 калибрлі және 32 калибрлі аңшы мылтығы, мылтық оқтары айғақ зат ретінде алынды. Оқиға орнында автокөлікте болған Сүттіқұдық ауылының 6 тұрғыны ұсталып, аңшылық жасауға рұқсат ететін құжаттары болмағандығы анықталды.