« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1993 жылы Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы талай қазақстандық жастардың шет елдің жоғары жетекші оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беріп келе жатқан бірегей бастама екені белгілі.
Осы жылдар ішінде аталған бағдарлама бойынша 12 мыңнан астам стипендия бөлінген. Шетелде білім алған 9 мыңға жуық азамат елге оралған. Жыл өткен сайын халықаралық стипендияны иеленудің тәртібі мен талаптары да уақыт талабына сәйкес өзгеруде. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың мамырында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандары А.Әубәкірова мен А.Айжанова онлайн режимде брифинг өткізіп, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Брифингке облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев бастаған бір топ жас қатысты.
Басқарма басшысының айтуынша, 2005-2016 жылдар аралығында облыс бойынша «Болашақ» бағдарламасына қатысушылар саны 142 ғана болған. 69-ы елге келіп, жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта 25 қызылордалық жас шетелде білім алуда.
Барлыбек БАТЫР.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |