« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
2017 жылдың 2 маусымы күні Қазақстан Республикасының «Коллекторлық қызмет туралы» Заңы қолданысқа енді. Күшіне енген Заң несие алғандардың және банктерге қарызы бар адамдардың құқығын қорғау үшін енгізілген. Заңға сәйкес, коллекторлық компаниялар клиенттерге қатысты мәліметтерді құпия ұстауға міндеттеледі. Яғни, коллекторлық агенттіктер ең бірінші қауіпсіздік пен құпиялылықты сақтауы керек.Бүгін «ҚР Ұлттық Банкі» Қызылорда филиалының өкілдері осы жөнінде мәлімдеме жасады.
Бұған дейін коллекторлық ұйымдардың нақты бар екендігі белгілі бір Заңнамада қадағаланбай келген болатын. Оларды арнайы мемлекеттік орган да бақылай алмаған. Сала мамандары қабылданған заң жобасында борышкерлерге психологиялық қысым қолданатын көлеңкелі коллекторлық агенттіктердің қызметі шектеліп, осы бағыттағы шиеленістер төмендейтіндігін айтуда. Сөйтіп, енді осы уақытқа дейін бақыланбай келген коллекторлар қызметі бір тәртіпке келіп, борышкерлердің құқықтары қорғалатын болады.
Бұған дейін коллекторлық ұйымдар борышкерлерден қарызын өндіру кезінде оларға қоқан-лоққы көрсетіп, тиімсіз келісім – шарттар жасауға мәжбүрлеп келген. Ал жаңа Заң бойынша «Ұлттық Банк» мұндай келеңсіздіктерге тосқауыл қойып, екі жаққа тиімді жағдай жасап отыр.
Жаңа Заңда екі жақтың құқықтары мен міндеттері толық қарастырылған. Борышкермен алғаш рет байланысқа шыққан коллекторлық агенттік оның құқықтары туралы ақпарат беруге міндетті. Одан бөлек, коллекторлардың борышкерлерді қай уақытта мазалауға болатындығы да айқын көрсетіліпті. Сөйлесу уақыты да Заңнамада бекітілген.
Коллекторлар борышкерлерге жұмыс күндері 8.00 – 21.00 арасында, ал демалыс күндері 10.00 – 17.00 аралығында ғана хабарласа алады. Қарыз алушымен байланысу бір күннің ішінде, жеке кездесу болса бір реттен көп емес, басқа жағдайда үш реттен аспауы керек.
Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Қызылорда облысында әзірге коллекторлық қызметке 9 аймақтық филиал және екі заңды тұлға жүгінуде. Осыған байланысты, жаңа заң аясында коллекторлық қызметті пайдаланатын ұйымдар осы жылдың 2 желтоқсанына дейін әділет органдарына тіркеуден немесе қайта тіркеуден өтуі тиіс.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |