Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында Қазалы ауданында 2 жаңа мектеп ашылып, пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
886
0
Ұлттың бас арнасы алғашқылардың бірі болып латын қарпіне көшуді қолға алды. 28 тамыздан бастап Қазақстан телерадиокорпарациясының атауы «Qazaqstan» болып өзгерді. Бұл кеше телеарнаның жаңа маусымының тұсаукесерінде белгілі болды. Шарада бас қосқан зиялы қауым өкілдері, журналистер, блогерлер жаңа жобалар мен және корпарациядағы өзгерістермен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
718
0
Жалпы ережелерОсы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры тағайындаған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығын (бұдан әрі «Сыйлық») беру тәртібін белгілейді.
АҚПАРАТ
24 тамыз 2017 г.
654
0
2017 жылғы 28 тамызда Шиелі, Жаңақорған ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі төменде көрсетілген орындарда өткізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
541
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қызылордалық студенттермен кездесті. Мәскеу мен Петербордың маңдайалды университеттеріне оқуға аттанған 60-тан астам студенттің алғашқы легі алдағы жылы қолдарына диплом алмақ. Арманшыл жастардың қиялына қанат бітіріп, қолдау көрсеткен аймақ басшысының қамқорлығына жастар да, ата-аналар да дән риза. Олардың еңбек нарығының сұранысына сай техникалық мамандықтарды игеруі өздерінің де, елдің де игілігі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
606
0
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, халықтың тұрғын үй мәселесін түпкілікті шешкен бірде-бір мемлекет жоқ. Ал Қазақстанда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданып, аталған мәселені шешуде кешенді шаралар қолға алынып жатыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
640
0
“Ізденген жетер мұратқа”. Бұл әйгілі Испан елінде өз ісін ашып, мақсатына қол созған Гүлжан Нақыповаға қатысты айтылған дүние. Бүгінде қаракөз қыздарыңыз жырақта жүріп, біліктілігін дәлелдеуде. Биікке құлаш ұрып, жұрт сүйсінер жетістіктерге жетуде. Өйткені мектеп бітірісімен Алматыдағы Қазақ-Америкалық университетіне оқуға түскен Гүлжанның болашаққа деген жоспары нық болды. Ол университет қабырғасында жүріп, әйгілі “Sony” корпорациясында жұмыс істеді. Бала кезгі қиялға ерік беріп, теледидардан көрген, миллиондаған туристті құшағына сыйдырған Испанияға аттануды ойдан шығармады. Уақыт өте келе қайтпас қайсар қыздың бұл арманы шындыққа айналды да. Қазір оның “Education best” атты компаниясы шетелде оқуды ғана емес, халықаралық іс-тәжірибелерден өтуге септесуде. Осы мысалға қарап-ақ, “Кеудеңде ыстық қан барда, боларды да, болмасты болады деп арманда!” деген өлең жолдары ойға оралады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
954
0
2017 жылдың 25 тамызында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы интернет-конференция өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
648
0
Қазақстанда 1 шілдеден бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңызы зор. Еліміздің барлық аймақтарында бағдарламаның негізгі қағидаларын ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі, «Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймахановты әңгімеге тартқан едік.
Cұхбат
24 тамыз 2017 г.
1 560
0
“Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін” деп жырлайтын Мағжан ақын дүниеге келген қасиетті өлкеге алғаш рет табан тіреген сәтім еді. Айналасы жасыл желекке толы, табиғаттың сұлулығына көз тоятын бұл аймаққа қоныс аударуға бірден шешім қабылдауға қорқасоқтап, көңілге күдік ұялаған. “Мың қайғыны бір тәуекел бұзады” демекші, біздің отбасымызды алға жетелеген осы тәуекел болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
921
0