« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры тағайындаған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығын (бұдан әрі «Сыйлық») беру тәртібін белгілейді.
2. Сыйлықтың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.
3. Байқаудың міндеттері:
жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және ынталандыру;
тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.
4. Сыйлық құрылтайшысы мен ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры (бұдан әрі Сыйлық құрылтайшысы немесе Тұңғыш Президент Қоры.
Сыйлықты тағайындау байқауын өткізудегі Жоба серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
5. Сыйлық байқау негізінде төмендегідей номинациялар бойынша тағайындалады:
1) «Жылдың үздік прозасы»;
2) «Жылдың үздік поэзиясы»;
3) «Жылдың үздік драматургиясы»;
4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
5) «Туған ел» тақырыбындағы арналған үздік әдеби туынды.
6. Әрбір номинация жеңімпазына әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» Сыйлығының лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Туған ел» арналған тақырыптық номинация жеңімпазына беріледі.
Өткізу тәртібі
Байқаудың басталғандығы туралы хабарландыру Тұңғыш Президенті Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Шығармалар 2017 жылғы 1 шілдеден мен 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.
Байқау қорытындысы 2017 жылы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады.
Сыйлыққа әдеби туындыларды ұсыну тәртібі
Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.
Бір автор екі номинацияға қатысуға құқылы.
Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
байқауға бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
байқауға бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтар бұзылған шығармалар қабылданбайды;
шығарма А-4 форматында, мәтін 14 көлеміндегі Times New Rоman шрифтімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
проза үшін – 35 беттен кем емес;
поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;
балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;
«Туған ел» тақырыбына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма (проза – 35 беттен кем емес; поэма – 5 беттен кем емес; драма – 30 беттен көп емес; балалар шығармасы – 25 беттен кем емес;).
Байқауға жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деп белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:
4. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10 үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мекенжайына және at2017@fpp.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
7. Жұмыстарды Байқауға жіберумен және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысумен байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.
Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
1. Қолжазбаларды бағалау және Сыйлық жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Сыйлық Құрылтайшысы елімізге танымал ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жүзеге асырады.
2. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Сыйлық Құрылтайшысы бекітеді.
3. Қазылар алқасының Сыйлық талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.
4. Байқауға ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).
5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
6. Байқауға ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде бағаланады. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.
7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.
8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.
9. Сыйлыққа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлденің толық берілмеуі немесе жартылай бөліп беру туралы ұсыныс беруге құқылы.
Положение ежегодного конкурса на соискание
литературной премии «Алтын тобылғы»
Общие положения
выявление и поощрение молодых казахстанских литераторов, отражающих жизненную философию нового поколения в современной художественной литературе;
содействие формированию тенденций современного литературного процесса;
привлечение внимание общественности к новым именам в современной литературе.
6. Победителям присваивается звание Лауреата литературной Премии «Алтын тобылғы» и вручается денежная премия в размере 1 миллион тенге. Специальная премия в размере 1.5 миллиона тенге вручается победителю номинации, посвященной теме «Туған ел».
Порядок проведения
Объявление о начале конкурса на соискание Премии публикуется на сайте Фонда Первого Президента www.fpp.kz и в средствах массовой информации.
Порядок подачи работ на соискание Премии
Порядок определения победителей
Оценка рукописей и определение победителей (лауреатов) Премии осуществляется конкурсным жюри, формируемым Учредителем Премии из числа известных и авторитетных казахстанских писателей, и поэтов, издателей, а также представителей Учредителя премии и партнеров в количестве не менее 7 членов.
Состав и председатель Жюри утверждаются Учредителем Премии.
Жюри вправе не рассматривать работы, не соответствующие требованиям Премии (в том числе анонимные произведения).
Допущенные на конкурсный отбор работы рассылаются всем членам жюри с соблюдением принципа анонимности (без указания автора).
Итоговое решение принимается путем открытого голосования при наличии кворума на менее 2/3 от общего числа членов.
В целях соблюдения объективности все работы оцениваются с соблюдением принципа анонимности. При оценке работ члены жюри руководствуются следующими критериями: актуальность и оригинальность темы, выразительность/образность языка изложения.
До принятия итогового решения принцип анонимности сохраняется.
Решение Жюри является окончательным и пересмотру не подлежит.
При отсутствии произведений, заслуживающих присуждения Премии, Жюри вправе предложить организаторам отказаться от присуждения номинации полностью или частично.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |