«Шаңырақ» шығармашылық конкурсы жарияланды

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА ӨҢІРЛІК «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ 1.Жалпы ережелер 1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 691 0
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жеңілдеді

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жеңілдеді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатып алу мен жалға берілетін баспаналар құрылысы жөнінде халыққа кеңінен ақпарат тарату мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев пен Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев баспасөз конференциясын берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 795 0
Қызметтік көліктер табысталды

Қызметтік көліктер табысталды

Сыр елінің тәртіп сақшылары техникалық мүмкіндігін арттыру, қоғам тыныштығын сақтауды жедел атқару мақсатында арнайы көліктермен қамтамасыз етілді. Бейсенбі күнгі салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ішкі істер органдарының жұмысына жоғары баға беріп, бірқатар қызметкерге қызметтік автокөлік кілтін табыс етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 626 0

Іскер әйелдер бірігуге шақырады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп беріп, алдағы уақытқа жоспарымен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 664 0

Сериялы ұрлыққа қатысы бар бойжеткен ұсталды

2017 жылғы 26 қаңтарда Қызылорда қаласының тұрғыны Арай мөлтек ауданы аумағындағы үйіне белгісіз біреулер кіріп, үйде ешкім жоқ екендігін пайдалана отырып, одан алтын, күміс бұйымдарын, «Asus» үлгісіндегі ноутбугын, Nokia маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткендігін хабарлаған. Нәтижесінде үй егелеріне 325 000 теңге көлемінде шығын келтірілген. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 23 жастағы азаматшасын ұстады.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 459 0
«Атамекеннің» ықыласы айрықша

«Атамекеннің» ықыласы айрықша

Облыс орталығындағы отбасы үлгісіндегі "Атамекен” балалар ауылында "Алғыс айту – парызым” атты мерекелік шара өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 529 0
ПАРТИЯ КҮНІ АТАЛДЫ

ПАРТИЯ КҮНІ АТАЛДЫ

Кеше «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партияның 18 жылдығы және Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жетекші партияның тарихына тоқталып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 686 0
Қызылордада жас кадрлар резерві жасақталмақ

Қызылордада жас кадрлар резерві жасақталмақ

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен бүгіннен бастап мемлекеттік қызметтің кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар және жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері арасынан білікті кадрларды анықтау, іріктеу, тәрбиелеу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен оларды жұмыспен қамту мақсатында «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы бүгін партия филиалында өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар кеңінен түсіндірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 552 0
ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУҒА ӨРІС БЕРДІ

ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУҒА ӨРІС БЕРДІ

Елбасы Жолдауы елді дамытудың ерекше құжаты, баянды болашақтың берік бағдары болуымен құнды. Мұның маңыздылығы сол, жаңашыл ізденістер, технологиялық жағына түлету, әрі халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған әрбір жауапты жұмысты жақсартудың жауапкершілігін күшейтеді. Экономиканы әртараптандыруды әлемдік деңгейге сай өркендетудің нақты нышанын көрсетіп берді. Бұл жөнінде біз ұжымда жан-жақты талқылап, жұмыс жүйесін  нәтижелі сапаға көшіру жолын іздедік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 863 0
ЖАПОНДЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР  ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНА БЕРІЛДІ

ЖАПОНДЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНА БЕРІЛДІ

Кеше аймаққа арнайы келген Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында болып, емдеу мекемесіне медициналық құрал-жабдықтар тарту етті және аурухана ұжымымен кездесті. Мәртебелі мейманды облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бастап жүрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 1 200 0