
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен бүгіннен бастап мемлекеттік қызметтің кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар және жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері арасынан білікті кадрларды анықтау, іріктеу, тәрбиелеу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен оларды жұмыспен қамту мақсатында «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы бүгін партия филиалында өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар кеңінен түсіндірді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимовтың айтуынша «Жастар кадрлық резерві» жобасы үміткерлерді тіркеу ден бастап, ресми ірікетеу кезеңі, сұхбаттасу сатысы, оқыту курсы, сынама тестілеу, ресми тестілеу, тағылымдама және қортынды секілді 8 кезеңнен тұрады.
Жобаға жасы 30-ға толмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, ҚР азаматы қатыса алады. Және олар компьютермен, компьютерлік бағдарламалармен және басқа да оргтехникалармен жұмыс жасай білуі қажет.
Резервистерді мамандығы бойынша жұмыспен қамту жұмыстарын Департамент үйлестіретін болады.
Баспасөз мәслихатында сөз алған облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жоба аясында сынақтардан сүрінбей өткен білімді, білікті жас мамандардан мемлекттік қызметке кадрлар резерві қалыптастырылып, мемлекеттік қызметшілерге деген сұранысты қанағаттандырып отыратын айтты.