Қызылордада 2016 жылы 12 рет ауқымды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 1 мың 307 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала халқы алдында есеп беру кездесуінде хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
685
0
Облыстық кәсіпкерлер палатасында облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
1 493
0
Махамбетқали Тұрсанов – Сыр өңіріне кеңінен танымал. Сонау сексенінші жылдары айтыс өнері қайта жандана бастаған тұста сахнада жыр тасқынын селдетіп, ауыздығымен алысқан талай айтыс дүлдүлдерін сөзбен тосты. Арқалы да адуын ақын халықтың тіршілігі мен ұлтымыздың ұлағатты өмірін жырға қосты. Міне, сол атақты ақын сексен жастың сеңгіріне көтеріліп, өзінің ақсақалдық арда жолын жалғастырып келеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
622
0
Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан төрт жас ерекшелігі бойынша өткен Қазақстан чемпионаттарында Қызылорда облысының №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары жақсы өнер көрсетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
498
0
Қазіргі таңда облыста салауатты өмір салтын ұстану және спортпен айналысу бұқаралық сипат алып, соның нәтижесінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 203594 адамға жетіп отыр. Бұл – облыс тұрғындарының 26,4 пайызына тең деген сөз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
687
0
Бірінші байлық – денсаулық демекші, тұрғындар саулығын сақтау, аурудың алдын алу бағытында аймақта көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. 2016 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының көлемі 32,9 млрд теңгені құрады. Өткен жылы өңірде 18743 нәресте дүниеге келген. Ал, жалпы өлім көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға азайған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
599
0
2015 жылы Қызылордада жәутеңкөздер үйі жабылды. Оның орнына облыс әкімінің тікелей қолдауымен, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының демеушілігімен отбасылық үлгідегі балалар ауылы бой көтерді. Аты да құлаққа жағымды – «Атамекен». Онда 8 коттедж орналасқан. Әр шаңырақтың «Сарыарқа», «Оқжетпес», «Үшқоңыр», «Байқоңыр», «Алатау» деген өз атауы бар. Мемлекет әке мен шешенің орнын алмастыра алмайды. Бірақ сол ауылдың табалдырығынан аттаған сәтте отбасылық жылу сезіледі. Балалар тәрбиешісін «мама» дегенде жүрегің елжірейді. Бұл жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ үшін басты жаңалық болғаны рас.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
513
0
Мәскеуліктер Сырда өскен қауынды сүйсіне жейді. Себеп сол, біздің топырақта тамырлаған қауын-қарбыз өзіне тән дәмге ие. Сондай-ақ, олар суымызда не сиқыр барын біле алмай таңдай қағысады. Шетел асқан Арал балығына сұраныстың арта түсуі бұл сөзімізге дәлел. Ол аз десеңіз, Ресей Федерациясының Ульяновск облысында екі елдің кәсіпкерлері бірлесіп балық өңдеу зауытын іске қосты. Арал теңізінен сүзілген дайын балық өнімдері бүгінде Москва, Санкт-Петербург, Нижний Новгород, Самара, Дондағы Ростовта, Қазан қалаларында сатылуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
746
0
Сыр өңіріндегі атадан балаға мұра болып, саф алтындай сақталып келе жатқан өнер өрнегі уақытпен түрлене түсті. Өткен жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ел есіне, тарих парағына таңбаланғандықтан, мәдени шаралардың барлығы да ұлық мереке құрметіне орайластырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
1 010
0
Соңғы жылдары құрылыс саласы бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп, Қызылорда қаласы алып құрылыс алаңына айналды. Өңірде бой көтерген жаңа нысандар аймақ ажарын айқындай түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
509
0