Облыстық кәсіпкерлер палатасында облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті.
Жиында сала қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық салауыттылық саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет, ақпараттық-технологиялық жетістіктердің кеңінен қолданылуы, көрсетілетілетін қызмет түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» арқылы алудың тиімділігі жайында баяндама жасады. Сондай-ақ, Елбасымыздың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» институционалды реформасын жүзеге асыруда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудың тиімді тәсілдері мен ашықтығын қамтамасыз етуде электронды қызметтің қолжетімділігі насихатталды.
Жиын барысында облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерқасым Сүлейменов мемлекеттік қызмет көрсетуде электронды қызметтің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, сала мамандары қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет жайында мәлімдеме жасады. Жиын соңында мемлекеттік қызметті «электронды үкімет» және «Азаматтарға арналған үкімет» МК» арқылы алу екі жақ үшін де тиімді екені айтылды.
Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.