Бірінші байлық – денсаулық демекші, тұрғындар саулығын сақтау, аурудың алдын алу бағытында аймақта көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. 2016 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының көлемі 32,9 млрд теңгені құрады. Өткен жылы өңірде 18743 нәресте дүниеге келген. Ал, жалпы өлім көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға азайған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
598
0
2015 жылы Қызылордада жәутеңкөздер үйі жабылды. Оның орнына облыс әкімінің тікелей қолдауымен, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының демеушілігімен отбасылық үлгідегі балалар ауылы бой көтерді. Аты да құлаққа жағымды – «Атамекен». Онда 8 коттедж орналасқан. Әр шаңырақтың «Сарыарқа», «Оқжетпес», «Үшқоңыр», «Байқоңыр», «Алатау» деген өз атауы бар. Мемлекет әке мен шешенің орнын алмастыра алмайды. Бірақ сол ауылдың табалдырығынан аттаған сәтте отбасылық жылу сезіледі. Балалар тәрбиешісін «мама» дегенде жүрегің елжірейді. Бұл жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ үшін басты жаңалық болғаны рас.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
512
0
Мәскеуліктер Сырда өскен қауынды сүйсіне жейді. Себеп сол, біздің топырақта тамырлаған қауын-қарбыз өзіне тән дәмге ие. Сондай-ақ, олар суымызда не сиқыр барын біле алмай таңдай қағысады. Шетел асқан Арал балығына сұраныстың арта түсуі бұл сөзімізге дәлел. Ол аз десеңіз, Ресей Федерациясының Ульяновск облысында екі елдің кәсіпкерлері бірлесіп балық өңдеу зауытын іске қосты. Арал теңізінен сүзілген дайын балық өнімдері бүгінде Москва, Санкт-Петербург, Нижний Новгород, Самара, Дондағы Ростовта, Қазан қалаларында сатылуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
745
0
Сыр өңіріндегі атадан балаға мұра болып, саф алтындай сақталып келе жатқан өнер өрнегі уақытпен түрлене түсті. Өткен жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ел есіне, тарих парағына таңбаланғандықтан, мәдени шаралардың барлығы да ұлық мереке құрметіне орайластырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
1 009
0
Соңғы жылдары құрылыс саласы бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп, Қызылорда қаласы алып құрылыс алаңына айналды. Өңірде бой көтерген жаңа нысандар аймақ ажарын айқындай түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
509
0
Дарын ғылыми-практикалық орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне, жуырда жарияланған "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты халыққа Жолдауына қатысты онлайн бейне-конференция өтті. Оған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, "Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры Жасұлан Алдабергенов, "Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев пен "Қызылорда облыстық жастар одақтары” ҚБ төрағасы Серік Әбіл қатысып, 30 озық елдің қатарына ілгерілеуге лайықталған негізгі бес басымдық жайында тарқатып айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
512
0
Асыраушы салада атқарылып жатқан жұмыстар қалың елдің көз алдында. Әсіресе, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлкен мән берілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
518
0
Жергілікті бюджеттің ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жете бермейді. Сол себепті Елбасы барлық аймақ басшыларына инвестиция тартуды әрдайым айтып келеді. Міне, осы тапсырмаға сәйкес облыс әкімі өңірдің дамуына инвестиция тарту ісін халықаралық қаржы ұйымдарынан бастады. Біздің аймақ халықаралық қаржы институттарымен байланысты арттырып, ынтымақтастық орнатуда республикада көш бастап келеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2017 г.
987
0