– Биыл Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы аламыз. Сондай қуаныштымыз. Осыдан төрт жыл бұрын пәтер кезегіне тұрғанымызда баспананы ұзақ жылдар күтетін шығармыз деп ойладық. Өйткені, бұған дейінгі кезеңдері жерлестеріміздің пәтер кезегінде кемінде он жылдай тұрғанын көріп келдік. Бірақ, соңғы жылдары Қызылордада көпқабатты тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүрді. Қаланың әр аумағында жаңа шағын аудандар тез бой көтеріп жатты. Соның нәтижесінде биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Шүкіров көшесіндегі 50 пәтерлі бесқабатты үйден үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Пәтеріміз жылы, жайлы жарық, – дейді қаладағы №261 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айжан Батталова.
ДӘУЛЕТ
31 желтоксан 2016 г.
838
0
Денсаулық сақтау саласы шоқтығы биік шаралармен үстем. Айталық, сырбойылықтар саулығын сақтауда және ана мен баланың жағдайын жақсартуда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өңірде бала туу көрсеткіші көтеріліп, табиғи өсім артуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 айында 17094 сәби дүниеге келіп, 21,4-ті құрады. Сонымен бірге, есепті мерзімде ана өлімі көрсеткіші 85,3 пайызға төмендеген.
ДӘУЛЕТ
31 желтоксан 2016 г.
677
0
Әлемдегі бірқатар мемлекеттердің астанасы өзеннің екі жағын жағалай орналасқаны мәлім. Мәселен, жауһар қала Париж – Сена, Лондон Темза өзенінің қос жағалауына орын тепсе, асқақ рухты Астанамыз Есілдің екі жағалауына салынуда. Енді міне, Астанаға қарап бой түзеп келе жатқан Қызылорда қаласы да ұлы өзеннің қос жағалауында дамитын болды. Өйткені, көпшілік көптен күткен нысан жуырда қолданысқа берілді. Сол жағалауды игеру, мұнда жаңа қала салу ісі көктемде қауырт басталмақшы.
ДӘУЛЕТ
31 желтоксан 2016 г.
1 053
0
Бүгінде шаһар бөлек, келбеті көркем, келешегі өркен. Соңғы 3-4 жылдың ішінде оның дәулеті тасып, сәулеті артты. Менмұндалаған ғажайып ғимараттар салынып, демалыс орындары көбейді, абат бақты, берекелі ордаға айналды. Қызылорданың құшағында қарқынды істер қанат жайды. Жұртшылық Сырдария жағалауынан рухыңды көтерген Рәміздер алаңының, егемендікке ерекше сый болған Тәуелсіздік даңғылының ашылу салтанатына куә болды.
ДӘУЛЕТ
31 желтоксан 2016 г.
1 071
0
Келешектен жақсылық күту – ол адам баласына тән қасиет. Бәріміз де алдағы келе жатқан 2017 жылдан отбасымызда, әулетімізде, ұжымымызда, ауылымыз бен қаламызда, Отанымызда тек жақсылық болғанын қалаймыз. Келер жылы Сыр елінің бас қаласы – Қызылорданың өзінде біраз жақсы жаңалықтар орын алатынына сенеміз. Өйткені, бұл бағытта мақсатты түрде жұмыстар жасалып жатқанын көзімізбен көрудеміз. Соның бірі – шыны зауытының құрылысы. Қазірде құрылысы қарқынды жүріп жатқан шыны зауыты 2017 жылы іске қосылады деп күтудеміз. Басқаны сөз қылмай, тек шыны зауытын айтуымыздың өзіндік себептері жетерлік.
ДӘУЛЕТ
31 желтоксан 2016 г.
734
0
Сыр өңіріндегі аға буын ақын-жыраулар, әншілер-күйшілер тіккен өнер туы ешқашан да төмен түсіп көрген емес. Зәу биікте желбіреген байрақ бүгінгі буын өнер иелерінің қолында желбіреп келеді. Өткен 2016 жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ел есіне, тарих парағына таңбаланды. Сондықтан аймақта жыл бойы ұйымдастырылған мерекелік шаралардың, концерттердің барлығы да осы айтулы мерейтойға орайластырылды.
РУХАНИЯТ
31 желтоксан 2016 г.
977
0
Ұлттық нақышты, ұлттық бояуды жоғалтпауға тырысатын талғампаз әнші-термеші Үміт Медеуованың есімі елге кеңінен таныс. Ол ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық филармонияның әнші-термешісі. Дәстүрлі әншілікпен қатар, эстраданы қоса алып жүрген талант иесі ескірмейтін ескі әндерді жаңаша серпінде халыққа жеткізумен ерекшеленіп, көрермен көзайымына айналып үлгірді. Бүгінгі әңгімеміз әуелетіп ән салып, тыңдарманын тамсандырып жүрген әншімен дәстүрлі әннің төңірегінде өрбіді.
РУХАНИЯТ
31 желтоксан 2016 г.
1 240
0
PDF
31 желтоксан 2016 г.
573
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында елордалық жаңажылдық қайырымдылық кеші өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 желтоксан 2016 г.
653
0
Құрметті қызылордалықтар! Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 2016 жыл өңіріміз үшін жетістіктерге толы жыл болды. Біздің облыс әлеуметтік салаларды дамытуда, өңдеу өнеркәсібінің қарқыны мен тұрғын үй құрылысы саласы бойынша республикада көш бастап тұр, инфляция мен қылмыстар деңгейі ең төмен. Биыл Сыр диқандары күріш өнімін жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ардақты ағайын! Сыр елінің өсіп-өркендеуіне Сіздердің әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз зор. Биылғы жылды зор еңбек табыстарымен аяқтағандарыңыз үшін Сіздерге үлкен алғыс білдіремін. Жаңа 2017 жыл Сыр елі үшін берекелі әрі нәтижелі жыл болсын деп тілеймін! Жаңа жылда әрқайсыңыздың алға қойған игілікті мақсаттарыңыз бен аңсаған армандарыңыз орындалсын. Сіздерге мол табыс, бақ-береке, отбастарыңызға амандық тілеймін. Еліміз, Елбасымыз аман болсын! Құрметпен, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 желтоксан 2016 г.
669
0