ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

2016 жыл өңіріміз үшін жетістіктерге толы жыл болды. Біздің облыс әлеуметтік салаларды дамытуда, өңдеу өнеркәсібінің қарқыны мен тұрғын үй құрылысы саласы бойынша республикада көш бастап тұр, инфляция мен қылмыстар деңгейі ең төмен. Биыл Сыр диқандары күріш өнімін жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Ардақты ағайын!

Сыр елінің өсіп-өркендеуіне Сіздердің әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз зор. Биылғы жылды зор еңбек табыстарымен аяқтағандарыңыз үшін Сіздерге үлкен алғыс білдіремін. Жаңа 2017 жыл Сыр елі үшін берекелі әрі нәтижелі жыл болсын деп тілеймін!

Жаңа жылда әрқайсыңыздың алға қойған игілікті мақсаттарыңыз бен аңсаған армандарыңыз орындалсын. Сіздерге мол табыс, бақ-береке, отбастарыңызға амандық тілеймін.

Еліміз, Елбасымыз аман болсын!

 

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі

Қырымбек Көшербаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 желтоксан 2016 г. 656 0