« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Бүгінде шаһар бөлек, келбеті көркем, келешегі өркен.
Соңғы 3-4 жылдың ішінде оның дәулеті тасып, сәулеті артты. Менмұндалаған
ғажайып ғимараттар салынып, демалыс орындары көбейді, абат бақты, берекелі
ордаға айналды. Қызылорданың құшағында қарқынды істер қанат жайды. Жұртшылық
Сырдария жағалауынан рухыңды көтерген Рәміздер алаңының, егемендікке ерекше сый
болған Тәуелсіздік даңғылының ашылу салтанатына куә болды.
Қазір бұл аллея Тәуелсіздікті айшықтайтын, елдігіміздің баяндылығын асқақтататын, мемлекеттік және салтанатты шаралар өтетін мәртебелі орынға айналды. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын алаңда Елтаңба, Әнұран және биіктігі 60 метрлік Мемлекеттік Ту орналастырылған. Енді әуежайдан қалаға беттеп келе жатқанда көкте желбіреген Көк туымыз қарсы алады. Ал, ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Тәуелсіздік даңғылы дамудың нақты шышаны секілді. Ол Сұлтан Бейбарыс көшесінен бастау алып, Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі аралықты қамтыды. Осы жолмен жүрген әрбір қызылордалық өзенді жағалай жүріп, әсем жағалауды тамашалауға мүмкіндік алады. Жуырда даңғыл бойынан дарияның оң және сол жағалауын жалғайтын көпір салынғанын да айту керек. Алдағы уақытта сол жағалау қарқынды құрылыс алаңына айналады деген жоспар бар. Осының барлығы жүзеге асса, бұл жайт тұрғындардың эстетикалық талғамын толтырып, көңілге қуаныш ұялатары сөзсіз.
Алаштың анасы атанған аймақтың жылдан-жылға дәулетіне
сай салтанат құруы ауызбірлікпен атқарылған тірліктің жемісі екенін атап өткен
жөн. Қаланың қайта түлеп, жаңаша жаңғырғаны жайындағы оң пікірлерді жұртшылық
тарапынан да жиі естиміз. Соңғы жылдары ел жүрегі – Астана қаласына қарап бой
түзей бастаған Қызылорда Алты алашқа ана болар айбынын дәлелдей түсті.
Мөлдір СНАДИН.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |