« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
– Биыл Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы аламыз. Сондай
қуаныштымыз. Осыдан төрт жыл бұрын пәтер кезегіне тұрғанымызда баспананы ұзақ
жылдар күтетін шығармыз деп ойладық. Өйткені, бұған дейінгі кезеңдері
жерлестеріміздің пәтер кезегінде кемінде он жылдай тұрғанын көріп келдік.
Бірақ, соңғы жылдары Қызылордада көпқабатты тұрғын үй құрылысы өте қарқынды
жүрді. Қаланың әр аумағында жаңа шағын аудандар тез бой көтеріп жатты. Соның
нәтижесінде биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Шүкіров
көшесіндегі 50 пәтерлі бесқабатты үйден үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік.
Пәтеріміз жылы, жайлы жарық, – дейді қаладағы №261 мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары Айжан Батталова.
Осындай қуанышымен облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім меңгерушісі Жасұлан Серіков те бөлісті.
– Қуанышымызда шек жоқ. Биылғы жыл еліміз, аймағымыз үшін ғана емес, отбасымыз үшін де табысты жыл болды. «СПМК-70» ауданындағы жаңадан салынған 60 пәтерлік бес қабатты үйден үш бөлмелі пәтер алдық. Бұл үш бүлдіршініміздің несібесі деп ойлаймын. Балабақшада жұмыс істеген жұбайым Жақсыгүл Оразәлиева осыдан үш жыл бұрын бюджеттік қызметкер ретінде пәтер кезегіне тұрған болатын. Міне, енді биыл «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ арқылы үйге қол жеткізіп отырмыз. Мемлекеттік бағдарламаның бір тиімділігі несиені ай сайын пайызсыз қайтарудамыз және алғашқы үлкен көлемдегі төлем жасаған жоқпыз. Енді бес жылдан кейін пәтер толық иелігімізге өтеді. Баспанамыз өте ұнайды, ыстық су құбырмен келіп тұр. Жаңа жылды жаңа үйімізде қарсы алып, көршілерімізді құттықтап шығатын боламыз, – деді Жасұлан ағынан жарылып.
Иә, айтары жоқ, баспаналы болу – адам өміріндегі ең маңызды әрі қуанышты сәттердің бірі. Ендеше, Айжанның және Жасұланның қуанышы шын жүректен шығуда және биылғы жылы осындай бақытқа бөленген қызылордалықтар аз емес.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі мемлекет үшін қашан да күрделі бағыттардың бірі болды. Бұл орайда Сыр елінде үлгі етерлік іргелі істер баршылық. Соңғы жылдардағы толайым табыстарымыздың бірі – облыс орталығында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Мысалы, облыс бойынша 2004 жылы 92 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл көрсеткіш қазіргі таңда 5,5 есеге өсіп, 500 мың шаршы метрге жетті. Өткен жылы облыста құрылыс көлемі 3,5 есеге өсті, ал Қызылорда қаласында 8 есеге артты. Биылдың өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Бүгінгідей құрылыс қарқыны Қызылордада ешуақытта болмаған. Осылайша, мыңдаған қала тұрғыны қоныс тойын тойлады.
Соңғы 3 жылда тек Қызылордада жаңадан 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Биылғы тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкімен» қоян-қолтық жұмыс жүргізді. Соған сай, келесі жылы да биылдан кем емес көлемде құрылыс қарқыны сақталатын болады.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |