« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Денсаулық сақтау саласы шоқтығы биік шаралармен үстем.
Айталық, сырбойылықтар саулығын сақтауда және ана мен баланың жағдайын
жақсартуда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өңірде бала туу
көрсеткіші көтеріліп, табиғи өсім
артуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 айында 17094 сәби дүниеге келіп,
21,4-ті құрады. Сонымен бірге, есепті мерзімде ана өлімі көрсеткіші 85,3
пайызға төмендеген.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылорда қаласында ашылған 200 төсектік көпсалалы облыстық балалар ауруханасы заманауи типтік ғимаратқа көшірілді.
Жалпы ауданы 25744 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 2014 жылдың тамызында басталды. Құрылыс жұмысының бас мердігері «Дәнекер» ЖШС. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 төсекке арналған реанимация және анестезиология бөлімшесі, кеңес беру-диагностикалық бөлім орналасқан. Сондай-ақ, онкогемотология бөлімшесінің құрамында қатерлі ісікке шалдыққан балаларды паллиативтік емдеуге арналған 5 төсектік бөлімше ашу жоспарланған. Кеңес беру-диагностикалық бөлімі заманауи УДЗ аппаратымен жабдықталған. Оған қоса, сәулелі диагностика, КТ, МРТ аппараттары да жұмыс жасайды. 400-ге жуық қызметкері болса, соның 50-ден астамы жоғары білімді дәрігер.
Денсаулық сақтау саласындағы тағы бір маңызды оқиға – Байқоңыр қаласында облыстық медицина орталығы филиалының, яғни, қазақстандық медициналық ұйымның ашылуы.
Аталған аурухана Байқоңыр қаласы, Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді.
Жалпы, облыстың денсаулық сақтау саласына қаралған қаржы соңғы үш жылда тоғыз млрд теңгеге өссе, ағымдағы жылдың өзінде оның бюджеті 32 млрд теңгені құраны. Бұл саланың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, мамандар біліктілігін арттыруға мол мүмкіндік беруде.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |