ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ АЙМАҚ

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ АЙМАҚ

Қызылордада кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. Осыған дейінгі форумдар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жобалардың жүзеге асуына негіз болған еді. Сегізінші форум да өңір компанияларының шетелдік және отандық инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуына, бизнес пен ғылым салаларының және билік өкілдерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, аймақ экономикасын әртараптандыруда, жетілдіруде күш біріктіруіне мүмкіндік туғызды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2016 г. 1 139 0

Тілге жүйрік тілші Кирилл

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты облыстық байқауы өтті. Сайысқа 18-22 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен Қазалы, Жаңақорған ау-дандарындағы жалпы орта, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен ұйымдардан 10 талапкер қатысып, өзара бақ сынасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2016 г. 689 0

Тұрғын үй құрылысы үлестік қатысу арқылы салынады

Сәрсенбіде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен мердігер компаниялар басшыларына арналған семинар-кеңес өтті. Онда «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ мамандары жаңа заңға түсінік берді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2016 г. 548 0
Нағыз полковник

Нағыз полковник

Біздің балалық, бозбалалық кезеңіміздің қызықты, думанды күндері өткен ғасырдың 70-жылдарымен, бүгінде тарихқа «тоқырау» деген атаумен енген дәуірмен сабақтасып жатыр. Бірақ, сол кездегі алып-ұшқан бала көңіл сол тоқыраудың не екенін сезбей-ақ өсті, есейді, ер жетті. Сегізінші сыныпта бізге Қызылорда қаласындағы №212 орта мектепте физика пәнінен Әбілда Көккөзов есімді ағай сабақ берді. Оны оқушылар «боксер ағай» деп атаушы еді. Біз алғаш рет Бапалақов есімін сол кісінің аузынан естідік. «Шанхайдың» (Қызылорда қаласының солтүстік беткейдегі өңірді осылай атаушы еді) бозбалалары сол дәуірде Абдат Бапалақовты, Әбілда Көккөзовті өздерінің кумирі санады, олардың тұлғасын көз алдарына кәдімгі ертегідегі хас батырлардай, үнді фильмдеріндегі әлсіздер мен жоқ-жітіктерге пана болған алпауыт, сағы сынбайтын кейіпкерлер секілді елестетуші еді. Несін айтасыз, сол заманда аты аңызға айналған қалалық, облыстық комсомол комитеті жетекшілерінің бірі Абдат Бапалақовпен тілдеспек түгіл, жүзін көрудің өзі біз үшін арман еді-ау.
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 920 0
Қызылордалық дзюдошылар - ел кубогының жеңімпазы

Қызылордалық дзюдошылар - ел кубогының жеңімпазы

Бүгін Қызылордада дзюдодан Қазақстан  Республикасының кубогы өтті. Ел кубогын 20 команда өкілдері сарапқа салды. Оның 12-сі – ерлер, 8-і - әйелдер командасы. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2016 г. 584 0
Жолаушы тасымалындағы жаңа белес

Жолаушы тасымалындағы жаңа белес

Соңғы жылдары Сыр елінде жолаушыларды тасымалдау саласында оңтайлы жұмыстар атқарылып, қоғамдық көліктер мәселесін бір жүйеге келтіру жұмыстары өз шешімін таба бастады. Алғаш рет 2005-2006 жылдары қалаға орташа сыйымдылықтағы автобустар тартылып, түрлі бағытта жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Дегенмен, жаңа қоғамдық көліктер саны шектеулі болғандықтан тасымалдың дені «Газель» автокөліктері арқылы жүргізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2016 г. 810 0

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері

Облыстық білім басқармасында мектепке дейінгі және орта білім бөліміне қарасты 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері бар. Олардың 5-і аудандық және қалалық білім бөлімдері арқылы тікелей жүргізіледі. Алайда облыстық білім басқармасы арқылы мемлекеттік үлгідегі құжаттар есебіндегі аттестат, куәліктердің материалдық жауаптылығы болған-дықтан «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрінің жүргізілу механизміне қатысты болып отыр.
АҚПАРАТ 19 қараша 2016 г. 1 005 0
Депутаттар есебі ел көңілінен шықты

Депутаттар есебі ел көңілінен шықты

Қызылорда облыстық және қалалық мәслихатының депутаттары сайлаушыларымен кездесіп, соңғы тоғыз айда атқарған жұмыстары туралы есеп беріп жатыр. Осындай кездесу «Титов» және «Гагарин» ықшам аудандарында өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Құттықожаев пен қалалық мәслихаттың депутаты Ержан Байтілес біткен істің жай-жапсары мен болашақта атқарылатын шаруалардың жоспарын сайлаушылармен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2016 г. 771 0
Жаны бір жайсаң жыр еді

Жаны бір жайсаң жыр еді

Белгілі ақын Темірше Сарыбаевты өмірінің ақырғы сәттерінде ғана аз уақыт көріп, сол шамалы сәттердің өзінде туғанымдай бауыр басып кеткен болатынмын. 2011 жылы ақын аға туған еліне – Сыр бойына келіп, мерейлі жасын – 70 жылдығын тойлады. Жанында ақынның шашбауын көтеріп қазақтың белді азаматтары, ағамыздың достары Сейфолла Оспанов, Қаһарман Бабағұловтар жүрді.
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 1 055 0
Бәйтерекке биіктік жарасады

Бәйтерекке биіктік жарасады

Құдайым оған әу бастан бәрін бере салған. Таудай тұлғасы талайға ық болуға жарайды. Оған байқалатын жерде байқалмау, табыстың буына пісіп дандайсу мүлдем жат. Кез келген ортада сыйластық сәнін келтіреді. Алғаш рет көріп тұрған бейтаныстың өзін елеусіз қалдырмай, бауырға тартады. Нан табар кезден бастап талабы жүріп берді. Өмір белестерінің ұңғыл-шұңғылы алғысқа толы. Ағаларға атқосшылық – жастайынан бойына сіңген қасиет. Білгенін пұлдамай, тосылыңқырап қалғанды қосарға алу кісілік жоралғысына айналған. Қуанғанды қуаттап, жабырқағанды жадыратса ғана жаны жай табады. Қадірі бөлек бұл азамат – Аралдың абыройлы да айбатты тұлғаларының бірі Зияғаладин Өтенов. Алыстағы Ауан ауылының тумасы. 1962 жылы орта мектепті тәмамдау бойына балық зауытында еңбек жолын жылымшылықтан бастаған. Ұзындығы 600 құлаш жылым торын алты ескекті түйедей қайыққа тиеп алып, айдын төсін шиырлап жағалауға ыңыранта тоғыстырғанда, маңдайдан шыпшыған тер кеудені жуып кететін. Бригадир Мырзажан Сахиев жүзінен шуақ төгіліп, білегінен қуат қайтпаған балаң жігіт Зияғаладинге дән риза. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 1 011 0