Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері

Облыстық білім басқармасында мектепке дейінгі және орта білім бөліміне қарасты 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері бар.
Олардың 5-і аудандық және қалалық білім бөлімдері арқылы тікелей жүргізіледі. Алайда облыстық білім басқармасы арқылы мемлекеттік үлгідегі құжаттар есебіндегі аттестат, куәліктердің материалдық жауаптылығы болған-дықтан «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрінің жүргізілу механизміне қатысты болып отыр.
Бүгінгі күні аталған қызмет түрі «Азаматтарға арнал¬ған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы тіркеліп, стандарт бойынша тиісті құжаттарының жинақ¬талуы арқылы аудандық-қалалық білім бөлімдерінің ұсы¬ныс хаттарымен басқармадан босатылуда. Осы ретте қысқаша кеңес бере кетейік.
Мектеп бітіру аттестатын жоғалтып алған болсаңыз, телнұсқасын жасау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 68 бұйрығы және облыс әкімінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №357 қаулысы бойынша әрекет етесіз. Ең бірінші, өзіңіз оқыған мектепке баруыңыз қажет. Сіз аттестатты жоғалту себебін көрсетіп, мектеп директорының атына өтініш жазуыңыз керек. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі оны растап, аудандық (қалалық) білім бөліміне ұсыныс жазады.
Білім беру туралы басқа құжаттардан айырмашылығы аттестатты қалпына келтіру үшін төлем жүргізілмейді. Егер сіздің мектебіңіз қайта құрылса, білім бөліміне жүгініңіз, онда сізді құқық мирасқорымен тағайындалған оқу орнына жібереді, себебі сіздің аттестатыңыз туралы мұрағат мәліметтері сол мекемеде сақталады.
Оқу орнын аяқтау туралы айғақ тиісті құжаттардың болуы негізінде белгіленеді. Мысалы, білім алу туралы аттес¬таттың расталған көшірмесі, аталған түлектің сыныбында сабақ берген мұғалімдердің жазбаша куәліктері, Сіздің аттестатыңыздағы бағаларыңыз.
Егер сіз басқа қалада тұрсаңыз, онда аттестатты қалпына келтіру үшін туған мектебіңізге келуге тура келеді.
Аттестаттың телнұсқасын жасату үшін сіз мына жерлерге барасыз:
1. Өзіңіз оқыған мектеп;
2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо¬рациясы;
3. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері.
Аттестаттың телнұсқасын қалпына келтіру кезеңі 15 жұ¬мыс күнін алады, сондықтан да оны тез арада қалпына келтіру үшін жылдам қимылдауыңыз қажет.
Егер сізде аттестатыңыздың көшірмесі болса, оны но¬тариуспен куәландырып, оқуға тапсыра беруіңізге болады. Телнұсқаны жасатуға өтініш бересіз. Бірақ кез келген оқу орны аттестаттың тұпнұсқасын, ол болмаған жағдайда телнұсқаны талап ететінін естен шығармаңыз.  Сондықтан өз құжатыңызға мұқият қарап, оны жоғалтып алмай сақтауға тырысыңыз.
М.ЖАУКЕЕВА,
облыстық білім басқармасының инспекторы.
АҚПАРАТ 19 қараша 2016 г. 1 000 0