Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты облыстық байқауы өтті. Сайысқа 18-22 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен Қазалы, Жаңақорған ау-дандарындағы жалпы орта, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен ұйымдардан 10 талапкер қатысып, өзара бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов І орынды жеңіп алса, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің І курс студенті Татьяна Соловьева ІІ орынды иеленді. Ал келесі жүлделі орын Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің IV курс студенті Галина Шаминаға бұйырды. Басқа да қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Байқау жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, І орын иегері 24 қарашада Алматы қаласында өтетін «Тіл – парасат» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.
К.ҚАЙРАҚБАЕВ.