Жастар форумы аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті. Кездесуге келген жастарға арнаған сөзінде аймақ басшысы алдымен Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығына тоқталды. Сондай-ақ, ол ел ертеңі бүгінгі жас екендігіне баса назар аударып, келер заманның оңай болмайтындығын, қиындықпен күресе білу керектігін жеткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
1 040
0
Ер жігіттің Отан алдындағы қасиетті парызы – әскери борышты өтеу десек, бүгінде Сырда туған ұлдарымыз әскер қатарында сенімді ақтап жүр. Оған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке әскери бөлімдерден келген хаттар дәлел. Одан әрі нақтылай түссек, өткен жылдың көктемгі-күзгі шақырылымында аймағымыздан Отан қорғауға аттанғандар ішінде 80 сарбаз саптан озып, үлгілі нәтижеге қол жеткізіпті. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының лауазымын уақытша атқарушы Марат Сүлеев айтып берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
633
0
2016 жылдың 20 қазанындағы жағдай бойынша Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1 669 өтініш 1 979 жылжымайтын мүлікті жария етуге берілген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
467
0
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан, дала академигі Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы мен «Алтын дән-2016» салтанатты шараларының БАҒДАРЛАМАСЫ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
893
0
Биыл Сыр өңірінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ақ күріштің атасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы өткізілгелі отыр. Аймақ диқандары осы айтулы күн қарсаңында күріштен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, діңгегі берік дәстүрге адалдық танытты. Диқан бабаның мерейтойын жоғары дәрежеде атап өту үшін арнайы беделді комиссия құрылып, жүйелі жұмыс жүргізу үстінде. Газет тілшісі комиссия мүшесі, Шиелі аудандық мәслихатының хатшысы Әшім Оразбекұлымен сұхбаттасып, алдағы жоспардың жай-жапсарын ортаға салған еді.
ҚОҒАМ
20 қазан 2016 г.
1 033
0
Қармақшыда халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өтуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
511
0
«Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді» дейді халық даналығы. Ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаевтың қиын кезеңде халықтың қарнын тойдыру, елдің ырысын молайту барысындағы жанқиярлық еңбегін, Сыр өңірін енді жерсіне бастаған күріш дақылынан мол өнім алудың жолын іздестіргенін кім ерлік емес деп, кім елдікке бастар жол емес деп айта алар. Осы қатарда халық үшін қайыспай қызмет еткен ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев, мал шаруашылығының дамуына зор серпін берген Жазылбек Қуанышбаев, колхоздың ұйымдастыру жұмыстарындағы шебер басшы Нұрмолда Алдабергенов тұрар еді. Тағы да сол данышпан халқымыз: «Адамды өлтірген емес, адамды өлімнен алып қалған кісі батыр» дегенді айтады. Жоғарыдағы аты аталған қайсар жандар ұрпағының мың жасауына қам жеген, сол үшін терін төккен абзал азаматтар. Тамыры бір, тағдыры бір, заманы бір олар қазақтың берекесі мен беделі екендігі анық. Кейінгі ұрпаққа өнегелі ісін қалдырған олардың барынша қарапайымдылығымен қатар бір-біріне деген ыстық ықыласына, құрметіне қалай сүйсінбейсіз.
ТАҒЫЛЫМ
20 қазан 2016 г.
1 343
0
Тіршілік өз заңдылығы бойынша өте береді, күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, кей жағдайларға мән беруге уақыт таппай жатқанымызбен, адамның жадында ұмытылмайтын, мәңгі жаңғырып тұратын жағдайлар да кезігеді. Кейде есік алдында отырып, баяғы өткен өмірімді еске алып, көз алдыма келтіремін. Біздің дүниеге келген кезіміз аумалы-төкпелі қиын заман еді, «қызыл» мен «ақтың» шапқыншылығы, колхоздастыру кезеңі, тапшылық пен ашаршылық жылдары – бәрі де есте. Адам баласына ең керектісі тыныш өмір екен ғой. Әлгіндей қиыншылықтар салдарынан қалың жұртшылық сол кездері қара нанға зәру болса да, адамдардың бауырмашылдығы мен ынтымағы зор еді. Бәлкім, сондай зұлмат замандар адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, бір қолдың саласындай ұйысуға жұмылдыра ма екен, әйтеуір, сол кездің адамдары еңбек етуден қорықпайтын, қиыншылыққа мойымайтын өжет те, батыл секілді көрінеді маған. Тағы бір айтарым, біреудің басына іс түссе, бүкіл әулет болып, ауылдастары болып, соның ауыртпалығын бөлісетін-ді. Біз де сол тәрбиемен өстік, сол өнегені мақтан тұттық. Мен жас кезімде әуелі бухгалтерлік курсты бітірдім. Сұлутөбеде есеп қызметкерлерін дайындайтын алтыайлық курс болатын, Соны 1940 жылы оқып шықтым. Қызметке енді араласам ба деп жүргенімде тұрмыс құрып, өзге босағаны аттадым да кеңсе қызметіне мойын бұруға мұршам келмеді.
ТАҒЫЛЫМ
20 қазан 2016 г.
930
0
Еліміздегі оқушылардың білім ошағына діни атрибутты киімдермен келуіне заңмен тыйым салынған. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
916
0
Диқан қауым егінін жинап, көңілін бір демдейтін қоңыр күздің берекелі шағы биыл мерейлі мерекеге, ұлан-асыр ел тойына ұласты. Ол – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қабат келген даңғайыр диқан, күріштен дүниежүзілік рекорд жасап, өзін де, елін де жер-жаһанға танытқан екі мәрте Социалистік Еңбек ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы. Ыбырай құдіретін әлемге әйгілеген жер мен дән, Сыр жері, Сыр күріші. Сондықтан диқан Ыбырай мен жер, дән – егіз ұғым. Сырда күріш негізгі дақыл болып орнығып, облыс егін шаруашылығының басым бағытына айналуы да Ыбырай Жақаев есімімен тікелей байланысты. Даңқты диқан мерейтойына орай ертең облыс орталығында дән егіп, есімі дүниежүзі тарихына енген ерен еңбек иесіне арналған ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылады. Сенбі, жексенбі күндері салтанатты шаралар Шиелі ауданында жалғасады. Бұл егемендіктің тірегі – еңбекке, еңбек адамына деген ел құрметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
902
0