Қармақшыда боксшылар бәсі өтуде

Қармақшыда боксшылар бәсі өтудеҚармақшыда халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өтуде. 
Оған аудандардан 100-ден астам спортшы қатысуда. Дәстүрлі турнир биыл ерекше сән-салтанатымен бастау алды. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б.Нақыпов спортшыларға сәттілік тіледі. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі және достарының ұйытқы болуымен биыл үшінші рет жалауын желбіреткен жарыс 22 қазанда қорытындыланады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қазан 2016 г. 506 0