Биыл тәуелсіз еліміздің егемендігіне жиырма бес жыл толды. Ширек ғасырда мемлекетіміз талай-талай белестерден өтіп, бірқатар жетістіктерге жетті.
ҚОҒАМ
04 қазан 2016 г.
1 154
0
Облыстық Азаматтық Альянс қауымдастығының «Әлеумет» жобасы аясында «Қарлығаш» шеберлер орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейі "Ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерімізді қадірлейік!” тақырыбында мәдени шара ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2016 г.
601
0
Мәдениет – адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, дүниенің құнды қазынасы. Ұлтымыздың рухын көтеруде тарихи оқиғалар желісінің маңызы зор екендігін ескерсек, ол да мәдениетімізден бастау алатыны анық. Сондықтан да мәдениет тарихымыздың әр кезеңімен үндес болып келеді. Жылдармен бірге қоғам да даму үстінде. Ал қоғамның қозғаушы күші мәдениет екені белгілі. Облысымызда өзге салалармен бірге мәдениет саласы да жылдан жылға дамып келеді. Оның айғағы – клуб кәсіпорындары санының жыл сайын өсуі. 2001 жылдары клуб кәсіпорындарының саны 155 болса, қазіргі таңда 173-ке жетіп отыр.
РУХАНИЯТ
04 қазан 2016 г.
2 865
0
Бұрын ата-бабамыз «Балалы үй базар» деген сөзге шаңырағы мен босағасы берік, үйі күлкіге толы, дастарқаны мол, пейілдері кең, отбасы ошақ қасы берекелі деген мағына бергені белгілі. Жалпы, адамзат нәрестенің іңгәсі, сәбидің күлкісі, балдырғанның бал тілі, балаларының қызығы үшін малын да, керек болса, жанын да садақа қылған ғой. Тегінде адамзаттың ұрпақ жалғастығы, қоғамның өркендеуі, елдің болашағы мен мемлекеттің қауіпсіздігі тікелей балалар денсаулығына байланысты екені ақиқат. Бірақ өмір болған соң әркімнің көзінің қарашығындай көретін балалары, егеменді елдің ұрпақтары ауырмай тұрмайды, солардың ауруларын дер кезінде анықтап емдейтін жалпы педиатрияның бірегей саласы – балалар хирургиясы.
ТАҒЫЛЫМ
04 қазан 2016 г.
1 198
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар алдында берген есебінде Қызылорда қаласындағы жолаушылар тасымалы саласындағы өзгерістерге де тоқталып өткен болатын.
БИЛІК
04 қазан 2016 г.
1 274
0
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Нұр Отан” партиясы Қызылорда облыстық филиалы "25 қайырымды іс”: Мейірімді жүрекпен» тақырыбында акция ұйымдастырды. Акцияға жергілікті филиалдың құрылымдық бөлімшелері қатысып, өңірдегі аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, сондай-ақ жалғызбасты қариялар мен көпбалалы аналарға жан-жақты көмек көрсетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2016 г.
645
0
Қызылорда облыстық филармониясының камералық оркестрі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы мерекелеріне орай Алматыда өткен «Әуен fest» концерттік оркестрлер фестивалінен жүлделі оралды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2016 г.
656
0
Биыл Сырдария ауданындағы А.Тоқмағамбетов ауылының диқандары серпіліс үстінде. «Егінші – мәрт, жер – жомарт» дегендей, маңдайын күн сүйіп, белі бүгіліп еңбек еткен жандардың ала жаздайғы ақадал еңбектері ақталып, өз нәтижесін беріп жатыр. Тәжірибелі де іскер басшы Меңдіғали Есжанов басқаратын «А.Тоқмағамбетов ЛТД» ЖШС-да биылғы егін шығымы жақсы. Маңызды науқан жарыдан ауғанда шаруашылықтың Бақыт Жылқыбаев жетекшілік ететін №2 бригадасы қарауындағы 201 гектар алқаптан Сыр салысын жинап алды. Нәтиже көңіл қуантарлық. Әр гектардан орташа түсім 60 центнерді құрады. Бұл соңғы 11 жылдан кейінгі шаруашылықтың қол жеткізіп отырған жоғары өнімі.
ДӘУЛЕТ
04 қазан 2016 г.
749
0
Қызылорда облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар қаладағы бірқатар индустриялық нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен "РМЗ-Шапағат” ЖШС-на қарасты үй құрылысы комбинатында болған халық қалаулылары кәсіпорынның атқарып жатқан жұмысына жоғары баға берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қазан 2016 г.
842
0
PDF
04 қазан 2016 г.
598
0