Мейiрiмдiлiк жолымен

Мейiрiмдiлiк жолыменТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Нұр Отан” партиясы Қызылорда облыстық филиалы "25 қайырымды іс”: Мейірімді жүрекпен» тақырыбында акция ұйымдастырды. Акцияға жергілікті филиалдың құрылымдық бөлімшелері қатысып, өңірдегі аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, сондай-ақ жалғызбасты қариялар мен көпбалалы аналарға жан-жақты көмек көрсетті.
Игілікті шараны нұротандықтар "Шанхай” шағын ауданында тұратын тыл және еңбек ардагерi Рабиға Қоянбаеваның отбасынан бастады. 104 жасқа толған ғасыр ғұмырлы кейуананы партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов құттықтап, арнайы сый-сыяпат жасады. Ашаршылықтың да, сұрапыл соғыстың да куәгері болған қарт ана өмірінің ауыр кезеңін еске алып, бүгінгі бейбітшілік саясатын ұстанып отырған Елбасыға шынайы алғыс білдіретінін айтты. Сонымен қатар, ардагерін ардақтаған нұротандықтарға батасын беріп, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір тіледі.
Мұнан соң жетекші партия өкілдері І топ мүгедегі Тасболат Жидебаевтың үйіне барып, тегін медициналық көмек көрсетті. 
– Тасболат 2001 жылдан бері жүрек ишемиясы, қант диабеті секілді бірнеше сырқат түрімен дәрігерлік есепте тұрады. Өздігінен емханаға бара алмайды. Мұндай азаматтар көп. Дегенмен, үлкенге қамқор болу, көмек көрсету – парыз. Бүгін, міне, партияның "Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында Тасболат ағамызға медициналық көмек көрсетіп отырмыз, – деді «Теміржол» ауруханасы филиалының директоры, "Денсаулық” бас¬тауыш партия ұйымының төрағасы Сұлтанбек Кенжебаев.
Қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов бастаған келесі топ тыл ардагері, І топ мүгедегі Т.Даутованың отбасына материалдық көмек көрсетсе, жыл бойы ардагерлердің үй-жайы  мен ауласын тазартып, азық-түлігін жеткізуге көмектесіп жүрген жасотандықтар тағдыр тау¬қыметін тартқан Жорабек Мырзабековке жәрдемдесті. Партияның "Тұран”филиалы да Ақжарма ауылдық округіндегі №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылык концертін ұйымдастырды. Халық сеніміне ие болған партияның жергілікті өкілдері мереке күндері осылайша науқас жандардың көңілін аулап, сауапты іс жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игi шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2016 г. 640 0