Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ел тарихы толағай табыстармен қашалып, ел жадында сақталары сөзсіз. Бұл орайда Алаштың анасы атанған өңір қосар үлес орасан. Өткен апта соңында тойланған Қала күні мерекесі бұл ойымызды нақтылай түседі. Болашаққа сенімі нық, жаңарған, жасарған Қызылорданың төл мерекесінде бірнеше әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Мерекелеген жұртшылық ең алдымен Рәміздер алаңының ашылу салтанатына куә болды. 3 гектар аумақты алып жатқан алаңда Елтаңбамыз, Әнұранымыз және 60 метрлік биіктікте көк байрағымыз орналасқан. Жалпы құны 326,4 млн теңгені құраған жоба ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салынған. Мерекелік шараларға Парламент Сенатының депутаты М.Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаттары А.Ералиев, Б.Кесебаева қатысты. Рәміздер алаңының ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз сөйледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2016 г.
1 251
0
Қала күні мерекесі аясында орталық алаңда бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Салтанатты шараны аймақ тұрғындарымен бірге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тамашалап, көпшіліктің қуанышымен ортақтасты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2016 г.
746
0
Қызылордадан солтүстік аудандарға – Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария мен Жалағашқа қатынайтын автобустар бұдан былай жаңа сапаржайдан шығады. Ол қаладағы бұрынғы автобус паркінің орнына салынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2016 г.
1 001
0
Қала күні мерекесінің тағы бір тартуы – қаланың солтүстіктегі қақпасы салтанатты түрде ашылды. Бұған дейін Ата Заң мерекесі күні оңтүстіктегі кіреберіс қақпаның лентасы қиылған болатын. Енді, міне, төл мерекесі тұсында Қызылорданың көрген көзді сүйсінтер солтүстік қақпасы пайдалануға берілді. Қуанышты сәтке облыс әкімі қатысып, жиналған жұртшылыққа, қонақтарға жүрекжарды лебізін білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2016 г.
1 153
0
Бүгінде Қызылорда 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен жүз пайыз қамтыған бірегей облыс. Бұл бағыттағы оң өзгерістерде жеке кәсіпкерлердің үлесі аз емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2016 г.
1 005
0
Мереке күні облыс әкімі қала іргесіндегі өндірістік аймақта салынып жатқан Шыны зауытының құрылысымен танысты. Облыс басшысымен бірге өңір экономикасына ықпалы зор нысанның бүгінгі жай-күйіне қаныққан меймандар құрылыстың қарқынды жүріп жатқанына куә болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2016 г.
664
0
Қала күні мерекесіне орай шаңырақ көтерген 25 жұп отбасына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев неке куәлігін тапсырды. Сонымен қатар, үйленгендеріне 25 жыл болған «Күміс той» иелерін де құттықтап, жылы лебізін білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2016 г.
1 040
0
PDF
27 қыркүйек 2016 г.
648
0
ҚР 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II «Техникалық реттеу туралы» Заңының 25-1 бабына сәйкес, Өнімді каталогтау Жүйесі жұмыс істейді.
ЖАРНАМА
26 қыркүйек 2016 г.
1 933
0
Аңсаған МҰСТАФА, суретші, иллюстратор: Аңсаған Мұстафа – суретші, иллюстратор. республикалық отбасылық «Ақ босаға» газетінің көркемдеуші редакторы. Алматы қаласындағы сурет колледжінің, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы графикалық дизайн бөлімінің түлегі. - Қоғамдағы әлеуметтік проблемаларға арналған графикалық суреттеріңіз әлемді шарлап кетті, тіпті, кейбірі қызу талқыға түсуде. Бүгінгі күннің өзекті мәселесін сурет арқылы жеткізу қаншалықты тиімді? - Сурет арқылы адамның көп уақытын алмай, айтатын ойыңды тезірек жеткізуге болады. Бұл – үнсіз-ақ айтарыңды айта аласың деген сөз. Шығармашылығымдағы негізгі мақсат – жастарға ұлттық тәрбиені насихаттау болғандықтан әлеуметтік проблемаларға арналған суреттерімді қазақи оюлармен безендіріп, онда қазақша жазуға тырысамын. Алайда ғаламтордың ғаламат күшімен шекара асып кеткен туындыларым бар. Осыған қарап біздің елдегі жастардың мәселесі өзге мемлекеттерде де бар екен деген ойға келемін.
РУХАНИЯТ
24 қыркүйек 2016 г.
870
0