АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Мереке күні облыс әкімі қала іргесіндегі өндірістік аймақта салынып жатқан Шыны зауытының құрылысымен танысты. Облыс басшысымен бірге өңір экономикасына ықпалы зор нысанның бүгінгі жай-күйіне қаныққан меймандар құрылыстың қарқынды жүріп жатқанына куә болды.

 

АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОРАталған нысан құрылысы ел Үкіметінің қолдауымен «Бәйтерек холдингі», АҚ-мен бірлесе басталған болатын. Зауыттың жалпы құны 52,1 млрд теңгені құрайды. Ал жобаның стратегиялық инвесторы – АҚШ-тың «Steward Engineers» компаниясы. Зауыт үшін Қызылорда қаласындағы индустриалды аумақтан 50 га жер бөлінген болатын. Жуырда зауыт қоймаларының құрылысы аяқталып, барлық құрал-жабдықтар әкелінбек. Кәсіпорын өз жұмысын келер жылдың алғашқы жартыжылдығында бастайды деп күтілуде. Жылына 197 мың тоннадан астам табақша шынысын шығаруға қауқарлы өндіріс орны энергия үнемдеуші, оқшауланған, ламинатталған және айна өнімдерін жасап шығармақ. Сондай-ақ, зауыт толық іске қосылғанда 300 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Осы күні меймандар «Жан-Арай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің жұмысымен де танысты. Кәсіпорын негізінен күріш жармасын, түйіршіктелген құрама жем өндірумен, халықаралық стандарттар бойынша күрішті ақтаумен айналысады. Соған орай, агроиндустриялық кешен күріш ақтау зауытынан және құрама жем өндіру зауытынан тұрады. Зауыттардың жобалық қуаты тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіруге және тәулігіне 150 тонна күріш ақтауға лайықталған.

 

Н.ТАСТЕМІР.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қыркүйек 2016 г. 633 0