« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгінде Қызылорда 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен жүз пайыз қамтыған бірегей облыс. Бұл бағыттағы оң өзгерістерде жеке кәсіпкерлердің үлесі аз емес.
Қала күні қарсаңында «Ақмешіт» шағын ауданынан ашылған «Мерейлім» балабақшасы кішкентай тұрғындар мен ата-аналар үшін үлкен мерекелік тарту болды. Жобалық-сметалық құны 200 млн теңгені құрайтын бөбекжай облыстық мәслихат депутаты Әбдімәжит Жансақаловтың демеушілігімен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынды.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысты.
– Қазір біз білектінің емес, білімдінің заманында, Қазақстанның алтын ғасырын жасау кезеңінде өмір сүрудеміз. Бүлдіршіндеріміздің бақыт шапағатына бөленіп, балғын балалықтың базарында өмір сүрулеріне барынша жағдай жасау – біздің басты мақсат-міндеттеріміздің бірі. Сондықтан да осындай ертегі әлеміндегідей әсем сарайды тұрғызып, балаларға қуаныш сыйлаған Әбдімәжит Әлмағамбетұлына рахметімізді айтамыз. Қашаннан қабат келген тойды жақсылыққа жорыған ырымшыл халықтың ұрпағы ретінде балапандарыңыздың жаңа да сәулетті ғимаратта өмірдің жаңа белесіне аяқ басуы да – жақсылықтың нышаны. Бөбектеріміз білім, тәрбие нәрімен сусындап, еліміздің ертеңі болар ел тұтқасына айналсын! – дей келе, «Балапан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан ауқымды істердің маңызына тоқталды.
Жоғарыда айтқанымыздай, Елбасының 2020 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамту міндеті Қызылорда облысында мерзімінен бұрын орындалды. Бүгінгі күні мектептер жанында 249 шағын орталық жұмыс жасаса, онда 11 024 бала 441 топта тәрбиеленуде.
Балабақшаның ашылу рәсімінде аймақ басшысы алдағы 7-8 жылда сырбойылықтардың саны миллионға жету мүмкіндігі жоғары екенін айтты. Демографиялық дүмпу болған жерде балабақша, мектеп, баспаналарды көптеп салу қажеттілігі туындайтыны анық. Демек, Қызылордадағы қазіргі құрылыс қарқыны жақын болашақтағы жарқын өзгерістерге тікелей байланысты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |