« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қала күні мерекесінің тағы бір тартуы – қаланың солтүстіктегі қақпасы салтанатты түрде ашылды. Бұған дейін Ата Заң мерекесі күні оңтүстіктегі кіреберіс қақпаның лентасы қиылған болатын. Енді, міне, төл мерекесі тұсында Қызылорданың көрген көзді сүйсінтер солтүстік қақпасы пайдалануға берілді. Қуанышты сәтке облыс әкімі қатысып, жиналған жұртшылыққа, қонақтарға жүрекжарды лебізін білдірді.
– Кез келген шаһардың өзіне тән қайталанбас, айрықша келбеті болады. Қай қала болмасын әуелі табалдырығынан, тазалығынан танылады. Тазалық, тәртіп, жарасымдылық болса еңбек те өнімді болып, адамдардың да көңіл күйі жақсаратыны анық. Қала көркі мен тазалығы – мәдениеттің өлшемі. Бүгінгі күні Алаштың анасы атанған Сыр елінің бас шаһары күннен күнге жасанып, сәулетіне сән қосып келе жатқанының куәсі болып келесіздер. Тәуелсіз еліміздің алғашқы астаналарының бірі Қызылорда – тереңнен сыр тартатын тарихи қала. Сол себепті сәулеттік жобалар мен жаңа туындыларды ұлттық нақышта, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған қала екенін айшықтайтын жобаларға назар аударып келеміз. Бүгін, міне, тоғыз жолдың торабында орналасқан сүйікті қаламыздың солтүстік кіреберіс қақпасын да пайдалануға бергелі тұрмыз. Бұл қаланың сәулеттік келбетін арттыру, тұрғындарға демалуға лайықты арнайы көркейтілген орындар әзірлеудегі қолға алынған шаралардың бастысы. Өздеріңізге жақсы белгілі, бұған дейін де 30 тамыз – ҚР Конституция күні мерекесінде қаламызға облысымыздың оңтүстік аудандарынан кіреберіс зәулім де әсем қақпаны пайдалануға берген болатынбыз. Бүгін міне, осы игілікті істердің жалғасы ретінде Қала күні мерекесі аясында «Сырдария-Қызылорда» бағытындағы кіреберіс қақпаның құрылысын аяқтап, жолаушылар мен қала қонақтарының құрметіне пайдалануға бергелі тұрмыз. Жалпы құны 120 млн теңгені құрайтын, осындай мазмұны мен мағынасы зор айтулы жобаға демеушілік жасаған «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне үлкен алғысымызды айтамыз. Қызылорда ортақ үйіміз десек, оның одан әрі көркейіп, гүлденуі баршамызға ортақ іс. Сондықтан, сүйікті қаламыздың бас қақпасы құтты болсын! Әрқашан қаламызға жақсылық жеткізетін, кірісін еселейтін, табысын толыстыратын көліктердің легі толастамасын! – деді аймақ басшысы.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді қазақ. Рас, Мұрат Үдербаев басшылығындағы «УАД» ұжымы әрдайым сауапты істер жанынан табылып келеді. Аймақ басшысы алдағы уақытта әуежайға барар жолдың қақпасы да салынатынын жеткізді.
Салтанатты рәсім лента қиюмен жалғасып, жаңа қақпа табалдырығын солтүстіктегі аудандардың жәрмеңкеге келіп жеткен көліктер аттады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |