ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛОРДА

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛОРДА

Еуразия төрінде орын тепкен Астана қаласының бүгінгі таңда Жер шарында айрықша орны бар. Қазақ елінің бас ордасына айналғанына әлі жиырма жылдың жүзі бола қойған жоқ. Десе де, қазір дүние жүзіндегі дүйім ел Астананы жақсы біледі. Бас қаламыз қысқа уақыт ішінде әлемдік өркениетте өзіндік орнын еншілеп, әлеуметтік, рухани және мәдениет тұрғысында іргелі аймақ ретінде саналып келеді.
ҚОҒАМ 29 қараша 2014 г. 1 540 0
ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ҚАРЫМДЫ КЕҢЕЙТЕДІ

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ҚАРЫМДЫ КЕҢЕЙТЕДІ

Елбасы 2009 жылдың 25 қарашасында облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласында "Тех Маман” ЖШС-ның мамандарды қайта даярлау оқу орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Міне, сол жерден репортаж ұйымдастыру осы жолдардың авторына тапсырылған еді.
АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 964 0

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ТҰЛҒА

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВ ТУРАЛЫ ШЕТЕЛДІК ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ПІКІРІ
АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 1 029 0
«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МҰРАТЫ

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МҰРАТЫ

«Мәңгілік Қазақстан» жобасы ел тарихындағы жаңа дәуірдің келісті келбетін айқындап берді. Елбасы Жолдау­ды жария­­лай отырып, қандай да болмасын өзінің болашағын, даму мақсатын ең жоғары деңгейге көтеруді жоспарлайтын елдердің, оның азаматтарының сол мақсат үшін ауқымды ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламаларды жасақтап, экономикалық өсуді қамтамасыз етумен айналысатынын атап көрсетті.
ҚОҒАМ 29 қараша 2014 г. 1 541 0
ҚОСТАМНАН ШЫҚҚАН ҚАЙРАТКЕР

ҚОСТАМНАН ШЫҚҚАН ҚАЙРАТКЕР

Мақала кейіпкері Жүсекең – Жүсіп Бисариев ағамыз 1913 жылдың 5 мамырында Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты «Қостам» деген елді мекендегі №17 ауылда дүниеге келіпті. Бұл жерлерде алғашқы артельдер мен ТОЗ-дар, ұжымшар, кейіннен Абай атындағы кеңшар болып, кешегі нарыққа дейін үлкен ауыл болып келді. Қатарынан пысықтау болып өссе керек, бала кезіндегі Қазан төңкерісінің, одан кейінгі ақ пен қызылдың ұрысы жайлы үзік-үзік естеліктер айтып отыратын еді.
ТАҒЫЛЫМ 29 қараша 2014 г. 1 270 0
КУРСК  МАЙДАНЫНЫҢ КУӘГЕРІ

КУРСК МАЙДАНЫНЫҢ КУӘГЕРІ

Қазақта «Қазыналы қартың аман болсын» деген аталы сөз бар. Қазақтың көл-дария, дана қарттары – ұлттың ұйыстырушысы ғана емес, келешек ұрпақтың тәрбиелеушiсi. Қарияларымыздың қалқайып ортамызда жүруiнiң өзi ұрпаққа үлгi-өнеге емес пе?! Ұлттық рухты, патриоттықты баласының бойына сiңiруде де ата-әже институтының алар орны ерекше.
ТАҒЫЛЫМ 29 қараша 2014 г. 1 207 0
БЕЙБІТ КҮННІҢ ТІЛЕКШІСІ

БЕЙБІТ КҮННІҢ ТІЛЕКШІСІ

Елдің арасында Ұлы Отан со­ғысы деген атаумен белгілі сұрапыл жылдардың адамзат баласына тигіз­ген зардабы аз емес. Сол бір кезеңде қаншама адамның қаны төгілді. Жер жастанып, өзге топырақта мәң­гілік мекенін тапты. Соғыста қан­ша­ма адамның тағдыры осылайша өр­біді. 1939 жылы басталған екін­ші Дүниежүзілік соғыста неміс бас­қыншылары Батыс Еуропа елде­рінің көбісін өздерінің қарауына ал­ғаннан кейін, әлемдегі социалистік мемлекеттің бірі – КСРО-ны басып алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мер­зімде басып алу мақсатында дай­ындалған «Барбаросса» жоспары­на қол қойды. Бұл жоспар бойынша Гер­мания КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт – Ленинград, екінші бағыт – Мәскеу, үшіншісі – Киев қа­лалары. Соғыстың түпкі мақсаты – социалистік ел КСРО-ны жою еді.
ТАҒЫЛЫМ 29 қараша 2014 г. 1 053 0
ЖЕКЕ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

ЖЕКЕ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Аптаның сәрсенбі күні Т.Жүргенов атындағы облыстық шығармашылық үйінің коммуникациялар орталығында ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 1 055 0
ЖОЛ САЛУДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ЖОЛ САЛУДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Биылғы жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы ұзындығы 209,1 шақырым жол жөндеуге және көпір құрылыстарына бөлінген 11,1 млрд. теңге қаржы толықтай игерілді. Бұл жөнінде облыстық коммуникациялар орталығында журналистермен жүздескен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов баяндады.
АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 909 0
АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АШҚАН «АҚНИЕТ»

АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АШҚАН «АҚНИЕТ»

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында көптеген ауқымды шаралар атқарылуда. Елбасының жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған Жолдауларында кәсіпкерлікті қолдауға барынша көңіл бөлініп, нақты тапсырмалар жүктелетіні белгілі. Соның негізінде кәсібін енді ғана қолға алған әрбір азамат мемлекеттің қамқорлығын сезінуде. Мемлекет басшысы таяуда ғана өзінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да кезекті мәрте бизнеске бейжай қарамайтынын байқатты. Және оның дамуына қолайлы жағдай жасау күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі екенін жеткізді.
ДӘУЛЕТ 29 қараша 2014 г. 1 230 0